image-main

Байқаудың өткізілу уақыты: 05.06.2025 - 15.09.2025

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры күндізгі бөлімде білім алып жатқан студенттерге арналған республикалық атаулы шәкіртақылар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Бағдарлама 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді және оқуда, ғылымда, қоғамдық және шығармашылық салада жоғары нәтижеге қол жеткізген студенттерді қолдауға бағытталған.

Байқауға мына талаптарға сай студенттер қатыса алады:

   • Екі және одан да көп курсты сәтті аяқтаған;

   • Әр оқу жылын үздік академиялық үлгеріммен тәмамдаған;

   • Ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын;

   • (Өнер мен мәдениет бағытындағы студенттер үшін) республикалық және халықаралық байқауда, фестивальдер мен олимпиадаларда нақты жетістіктерге қол жеткізген.

Барлық талапты сақталған жағдайда студенттер тегін және ақылы негізде қатыса алады.

Стипендия бір оқу жылына (екі семестр) тағайындалады және жазғы айларды (маусым, шілде, тамыз) қоспағанда ай сайын төленеді. Стипендияның мөлшері мен санын Қор жыл сайын белгілейді.

Өтініш қабылдау мерзімі 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

Байқауға қатысу ережелері мен өтініш формалары төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:

   • Қазақ тіліндегі ереже 

   • Орыс тіліндегі ереже 

Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданады және бекітілген талаптарға сәйкес ресімделуге тиіс.

Құжаттарды жолдау мекенжайы:

050043, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Бостандық ауданы, Мұсабаев көшесі, 12

 Байланыс ақпараты:

   • ЖОО студенттері үшін: тел.: 8 (727) 339 65 38, e-mail: roza@fnn.kz (Едігеева Роза Макашқызы)

   • «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша студенттер үшін: тел.: 8 (727) 339 65 40, e-mail: tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы)

Өтініш бермес бұрын байқау шарттарымен мұқият танысуға кеңес береміз.
 

Бөлісу