«Smart Zholy» - қазақстандық стартаптардың әлемдік деңгейге шығу мүмкіндігі
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры үшінші рет жас қазақстандық бағдарламалаушылар мен стартаптарға бағытталған Smart Zholy бағдарламасын өткізетіні туралы жариялайды. Жобалар жетекші азиялық венчурлық қорлар мен корпорацияларға таныстырылатын болады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры қолдауымен Оңтүстік-Шығыс Азияның Echelon Asia Summit жетекші стартап-алаңымен серіктестікте жүзеге асырылады.
2018 жылы Бағдарламаға сәтті қатысудың нәтижесінде қазақстандық стартаптар тобы Оңтүстік-Шығыс Азия үздік жобаларының Топ-100 кірді және Сингапурдағы Echelon Asia Summit ірі технологиялық алаңында венчурлық инвесторларға өз жобасын көрсетті.
Smart Zholy конкурсына қатысуға еліміздің кез келген аймағынан стартаптар өтінім бере алады. Бастапқы кезеңде 20 команда таңдалады. Олар өз жобаларын арнайы қазылар алқасының алдында таныстырады. Солардың ішінен 10 жеңімпаз-стартап анықталып, олар Сингапурға Echelon Asia Summit ірі стартап-алаңына баруға жолдама алады. Онда өздерінің әзірлемелерін жетекші азиялық венчурлық қорлар мен корпорациялар алдында көрсетеді. Бағдарламаға қатысу тегін. 18-ден 35-қа жасқа дейінгі ағылшын тілін еркін меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Команда құрамында 2-5 адам болуы шарт. Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді 2019 жылғы 19 наурызға дейін беру қажет. Бағдарламаға қатысу үлгісін толтырып, smartzholy@fpp.kz электронды поштасына жолдау керек.
Анықтама +7 7172 708 306 телефон нөмірі бойынша.