news-img

Нұр-Cұлтан қаласының шетінде тұратын, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Вirge Oqý» жобасы аясында жетекші педагогтердің қатысуымен «Елбасы Академиясы» КҚ академиялық қолдау көрсетілді. 

Жоба арқасында 6 және 7 сыныптың 140 баласы математика, орыс және қазақ тілдерінен қосымша білім алды. НЗМ, РФММ, астаналық лицейлер және халықаралық мектептер сияқты жетекші мектептердің педагогтары сабақ жүргізді. «Birge Oqý» жобасы студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды, оқушылар жобаның тиімділігі мен ұтқырлығын атап өтті. Курс соңында оқушылар сертификат алды.

- Академия мақсаттарының бірі, бірінші кезекте, ауыл және қала оқушылары арасындағы білім берудегі алшақтықты қысқарту. Бірақ талдау көрсеткендей, білім берудегі алшақтық қалада да бар. Сондықтан «Birge Oqý» жобасы аясында елорданың шетінде тұратын көпбалалы отбасылардың, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардың балаларына қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Елорданың шет аймақтарындағы 4-5 сыныптың 140 баласы қосымша сабақ пен білім алды. Біз бұл тәжірибені жалғастыра береміз, - деді «Елбасы Академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.

Жоба мақсаты – «қала-ауыл» бөлінісінде балалардың білім беру-ақпараттық теңсіздігін қысқарту, балаларды қолдау және дамыту. Жоба аясында қосымша онлайн оқыту қызметтері, сапалы цифрлық білім беру ресурстары мен сервистеріне қолжетімділік, педагогтар мен ата-аналарға әдістемелік қолдау көрсетіледі.

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры 2019 жылы құрылған және El Úmiti бастамасын іске асыру бойынша негізгі оператор. Елбасы Академиясы еліміздің көшбасшылары мен кәсіби мамандарының болашақ ұрпағын дамытуға бағытталған жобаларды бірыңғай жүйеге интеграциялайды.

Түсініктеме қалдыру