news-img

Алматыда Дамир Оразымбетовтің «Өнер тәрбиесі» атты авторлық дәрістер сериясы басталады. Бұл кәсіби хореографиялық өнер тарихы бойынша ашық кездесулер циклі, онда балет әлемі тыңдаушыларға жаңаша таныстырылады.

Дәрістер көркем әрі сирек кездесетін мұрағаттық материалдар, бейнежазбалар мен түсініктемесі бар фотосуреттер жинағынан тұрады.

Дәріс оқушы Дамир Оразымбетов – театр режиссері, балетмейстер, өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арт-менеджмент кафедрасының доценті, Qazaq Ballet Magazine бас редакторы, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балетмейстері, ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясының бас режиссері, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы мәдениет жөніндегі Кеңестің мүшесі.

Дәрістер кестесі:

  • 8 ақпан – «Щелкунчиктің «сиқырлы әлемі» және балет патшалығы»

Көрермендер Щелкунчик ағаш ойыншығының пайда болуы; императорлық театрдың сахна сыртындағы ең танымал жаңа жылдық партитураны құруы; Чайковскийдің сиқырлы музыкасының бүкіл әлемдегі әртүрлі хореографиялық талдауы туралы хикаяларды тыңдайды.

  • 2 наурыз – «Майя Плисецкая және ұлы француздар»

Дәрісте аты аңызға айналған француз балетмейстерлерімен әріптестік байланыста болған прима-балерина Майя Плисецкаяның жұмысы, сонымен қатар, Ив Сен-Лоран мен Пьер Карденнің костюмдері, Коко Шанельмен танысу және т.б. туралы айтылады.

  • 15 наурыз – «Қазақстандағы балет ертегілері шеруі»

Дәріс Қазақстанда бұрын болған немесе қазір бар әртүрлі театрдағы балет ертегілері туралы әңгімеге арналған.

Мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері — балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үйлер, сонымен бірге, балет өнеріне қызығатын барлық жан дәрістерге қатысуға шақырылады. Жобаның мақсаты арт-білім беру арқылы қазіргі ұрпақты театрға және хореографиялық өнерге баулу.

Өтетін орны: Алматы қ., М. Ганди к-сі, 10.

Кіру тегін. Сілтеме бойынша алдын ала міндетті түрде тіркелу қажет:

Анықтама телефоны: +7 707 394 32 32

Түсініктеме қалдыру