news-img

Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарудан азат бейбітшілік үшін жаһандық көшбасшылар Альянсының (ЖКА) Стратегиялық жоспарлау тобының мүшелері ашық үндеу жасады.

Үндеуде жетекші халықаралық сарапшылар халықаралық қоғамдастық пен әлемдік көшбасшыларды ядролық қаруды қолдану арқылы қақтығыстардың өршуіне жол бермеуге және жаһандық мәселелерді бірлесіп шешудің маңыздылығына назар аударуға шақырады.

Бүгінде ядролық қаруды қолдану қаупі Украинадағы соғыс жағдайында ғана емес, сонымен қатар жаңа қару-жарақтың дамуы туралы әр жердегі алаңдатарлық хабарламалар да көбейіп келеді. Барлық халықаралық күш-жігерге қарамастан біз қауіпті әлемде күн кешіп отырмыз.

Бір кездері Қазақстан Кеңес Одағының ядролық мұрасынан бас тартып, Семей қаласындағы ядролық сынақ полигонын жауып, ядролық қарусыз әлем құруға қомақты үлес қосты. Ядролық қарусыздану және таратпау мәселелері еліміздің сыртқы саясатының маңызды элементтері болып қала береді.

«Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау жөніндегі диалогта тізгінді қолына алып, адам өмірінің құндылығын жете түсінгендіктен, бұл мәселелерді шешуде саналы шешім қабылдауға шақырады. Осы мақсатта біз Жаһандық көшбасшылар альянсы (ЖКА) тәуекелдерді азайту, қауіпсіз жағдай жасау және дұрыс бағытта серпін мен динамика беру үшін шынымен не істей алатынымызды талқылады. Біздің ашық үндеуіміз ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім, тіпті ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісім емес. Бұл қарапайым, бірақ нақты әрі маңызды қадам деп санаймыз», - деді Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Дж. Гранофф.

Айта кетейік, ЖКА шақыру туралы бастаманы алғаш рет Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы қарашада «Астана клубы» халықаралық пікірталас алаңының V отырысында ұсынған болатын.

Қазіргі таңда Альянсқа әлемнің 45 елінің халықаралық саяси қайраткерлері мен сарапшыларынан құралған 89 өкіл мүше.

Үндеудің толық мәтінімен төменде танысуға болады.

Құжат ЖКА-ның https://alliance.global ресми сайтында жарияланды, онда Альянстың қызметі туралы барлық ақпарат жазылған.

 

Ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарусыз бейбітшілік үшін Жаһандық көшбасшылар альянсы

Стратегиялық жоспарлау тобының ядролық қаруды қолданудың қазіргі қаупі туралы ашық үндеуі

 

Ядролық державалардың ықтимал ядролық соғысқа қатысты ұстанымы бір нәрседе үйлеседі – «мұндай соғыста жеңімпаз жоқ, сондықтан оның ешқашан түйіні жоқ». Алайда ядролық қарулану жарысы жаңғыруды, жаңа түрлерін шығаруды және жаңа қару-жарақ жүйелерін орналастыра отырып қарқын алуда.

Бұған қоса, ядролық қаруды бірінші болып қолдану қағидасы қарулы қақтығыс кезінде қолданудың айқын және жасырын қауіптері сияқты әлі де өзекті болып қала береді.

Осыған байланысты, біз қазіргі заманғы тарихтың кез-келген кезеңіне қарағанда ядролық қаруды бүгінде нақты қолдану ықтималдығы жоғары деп қатты алаңдаймыз.

Қазір бәрімізге аптықты басып, шиеленісті төмендетуіміз керек. Апатты болдырмау үшін ядролық қаруы бар барлық мемлекет үшін бірінші қадам ядролық қаруды қолданбау саясатын қабылдау. Ядролық державалардың әрқайсысы мұны біржақты немесе ұжымдық түрде жасай алады. Әлемге бұл кепіл қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 193 мүшесінің тек тоғызы ғана ядролық қаруға ие, бірақ ядролық соғыс бола қалса бүкіл әлем зардап шегеді. Әрбір адамның ядролық қаруды қолданбау саясаты кепілдігін талап етуге моральдық құқығы бар әрі оны қабылдау үшін қосымша механизмдер қажет емес.

Қазіргі ғылым ядролық соғысқа байланысты маңызды климаттық тәуекелдерді болжайды. Тіпті шектеулі ядролық шабуыл бұрын-соңды болмаған ауқымда ашаршылық тудыруы мүмкін.

Ауаға бірнеше мыңдаған тонна күйе мен күлді тарапп, егіннің шықпай қалуына әкелуі мүмкін.

Шарттардың, өзара кепілдіктердің, әртүрлі «сындарлы жағдайдың», ядролық қаруды таратпау мен қарусыздануды бақылау үшін әзірленген әртүрлі техникалық нормалар мен механизмдердің шамадан тыс болуы – осының барлығының маңыздылығы соңғы кездері төмендей бастады. Бәрімізге тәуелді ядролық тыйымға қауіп төндіреді. Бұл фактіні біз қабылдауымыз керек.

Біз бір шындықты мойындауымыз керек: қырғи қабақ соғыстан кейінгі тұрақтылық биполярлықпен байланысты болды. Көпполярлы әлемде қате есептеу қаупі артады. Бұл ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін де, ядролық қаруды қолдану арқылы жанжалдың өршуін де арттырады. Климаттың өзгеруі, мұхиттар мен тропикалық ормандардың жағдайы және адамға қауіп төндіретін басқа да өте маңызды жаһандық мәселелерді бірлесіп тиімді шешудің орнына қаруды қолдану үшін тиісті құқықтық режимді құрумен айналысамыз.

Ядролық елдермен өзара іс-қимыл әрі қарай дамуға өте қажет. Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз үшін ең өзекті мәселе ядролық қаруды қолдану қаупін азайту. Ол үшін оны қолдануға тыйым салынуы керек.

Ядролық қаруды қолданбау қағидасын бірінші болып қабылдау – төмендегі жемісті жұлып алумен тең, басқаша айтқанда, көп күш жұмсамай-ақ қол жеткізуге болатын нәрсе. Мұндай саясат қазірдің өзінде Қытай мен Үндістанда қолданылады. Басқа ядролық державалардың мұндай мәлімдемесі қарапайым, бірақ маңызды қадам әрі нақты күш пен рухтың көрінісі болады.

 

Түсініктеме қалдыру