news-img

Мемлекеттік шекараларды демаркациялау мен делимитациялаудың іргелі маңыздылығы, осыған байланысты өткен ғасырдың 90-жылдарының басындағы Қазақстан мен өзге мемлекеттер арасындағы күрделі келіссөздер мен рәсімдік үдерістер бүгін өткен «Мемлекеттік шекара – аумақтық тұтастық пен қауіпсіздік негізі» сараптамалық кездесуінің басты тақырыбына айналды.

Кездесу Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында өтті және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына арналған.

Іс-шараға Қазақстан шекараларын ресми айқындауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, демаркациялау және делимитациялау үшін тиісті базаны қалыптастыруға үлес қосқан мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері, жетекші қазақстандық сарапшылар, Қазақстанның білім беру әскери оқу орындарының ғылыми қызметкерлері сынды мемлекет қайраткерлері қатысты.

Кездесуді ашқан кітапхана директоры Бақытжан Темірболат әлемдегі соңғы оқиғалар, геосаяси қақтығыстар шекараны шегендеу бойынша шешілмеген мәселелердің ақыр соңында бүкіл адамзаттың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін көрсететінін атады.

Көптеген спикер сияқты кітапхана басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық рәсімдеуді қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институтының профессоры, Төтенше және Өкілетті Елші, саясаттану ғылымдарының докторы Төлеутай Сүлейменов шекараларды рәсімдеу елдің қауіпсіздігін нығайтуды білдіретінін жеткізді. «Бізде мұндай тәжірибе болған жоқ. Материалдық база, карталар мен құралдар болмады. Алайда ТМД мен ҚХР елдерінің бірлескен комиссиясының күрделі жұмысы жемісін берді», - деді профессор.

«Отан оның шекарасынан басталады! Бірақ біз өткізу бекеттерін жақсарту, контрабандаға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, басқа елдердің шекарашыларымен өзара іс-қимылды нығайту және т.б. бойынша жұмыс істеуіміз керек», - деді Мемлекет және әскери қайраткер, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев.

«Бүгінгі жас ұрпақ шекараны мемлекеттік деңгейде белгілеу қаншалықты қиын болғанын және оның Қазақстанның дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін түсіне бермейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздігі мәселелерінде тек халықаралық шарттарға ғана сенудің қажеті жоқ, бұл туралы қазір әртүрлі жерде айтылып жүр. Келісімшарттармен бірге шекаралардың қауіпсіздігін нығайту, елдің азық-түлік әлеуетін нығайту, Қазақстан су бойынша басқа мемлекеттерге тәуелділігін төмендету, алдағы ықтимал сын-қатерлермен жұмыс істеу қажет», - деп Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Марғұланұлы Әлкей Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндетті атады.

Басқа спикерлермен қатар Азиялық зерттеулер институтының директоры, «Азия орталығы» журналының бас редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты Сұлтан Әкімбеков Қазақстан шекараларын шегендеудегі алғашқы жылдардағы орасын зор жұмысты жоғары бағалады. «Саяси қатынастар шекараларды белгілеуде бірінші кезектегі маңызға ие. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған дипломаттардың шекараларды демаркациялау және делимитациялау жөніндегі нақты, жедел және жан-жақты жұмысы, әрине, бұл саясаттағы ең жоғары шеберлік».

Спикерлер елдің нақты реттелген шекаралары, аумақтық даулардың болмауы мемлекеттің дамуы үшін аса маңызды мәселе екеніне тоқталды.

Түсініктеме қалдыру