Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауы: өтінім қабылдау басталды
Авторлық шығарманы өткізу мерзімі: 2023 жылғы 20 сәуірден 30 қазанға дейін.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын ұсынады, жас ақындар мен жазушыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Байқау заманауи қазақстандық көркем әдебиетті қолдауға, дамыту мен насихаттауға, жас қаламгерлерді анықтауға және ынталандыруға бағытталған.
Жүлде байқау негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:
- «Жылдың үздік прозасы»;
- «Жылдың үздік поэзиясы»;
- «Жылдың үздік драматургиясы»;
- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
- «Жылдың үздік киносценарийі»;
- «Жылдың үздік фантастикалық туындысы».
Бұған қоса, биыл Қор «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» арнайы номинациясын тағайындады.
Номинация жеңімпаздарына «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріліп, 2 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі. Ал арнайы номинация жеңімпазы 3 млн. теңге алады.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармасы қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы.
Байқауға бұрынғы жеңімпаздар қатыса алмайды.
Байқауға бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады.
Қолжазба А4 форматында, Times New Roman қарпі, қаріп өлшемі 14, интервал 1 болуы керек. Қолжазбаның көлемі:
прза үшін – 35 беттен кем емес;
поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
киносценарий үшін – 25 беттен кем емес;
фантастикалық шығарма үшін – 20 беттен кем емес.
Шығармалар 2023 жылдың 30 қазанына дейін қабылданады.
Өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберу керек.