news-img

Астанада жас робототехниктер біріншілігінің екінші күні өтіп жатыр.

«Robotek Grand Tournament-2023» чемпионатын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің ғимаратында «Роботек» робототехника мектебі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Astana IT University және «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды.

- Бұл чемпионатты ұйымдастыруға қатыса отырып, біз робототехника, инженерлік ғылымдар, бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтауға, олардың қызметін ынталандыруға тырысамыз. Сонымен қатар, біз қоғам мен мемлекет тарапынан техникалық білім беруді дамыту, жастарды көбірек тарту мәселелеріне көбірек назар аударуға тырысамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Чемпионатқа қатысу үшін өңірлік іріктеу өткен, ол барлық облыста және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтті. Іріктеуге 3000-нан астам оқушы қатысты. Ең мықты 260 оқушы өтіп жатқан чемпионаттың қатысушысы болып табылады. 

Жарыс екі жас тобына арналған «Робо-сумо», «Эстафета», «Биатлон», «Лабиринт», «Кегельринг-квадро», «Гонки по линии», «Биатлон» сынды ең танымал 7 санат аясында өткізіледі.

Чемпионат аяқталғаннан кейін барлық қатысушыға қатысу сертификаттары беріледі, жарыс жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Түсініктеме қалдыру