Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде сыни ойлау және ақпараттық сауаттылық туралы тренингтер өтеді
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында екі интерактивті тәжірибелік онлайн тренинг өтеді. 19 мамырда спикерлер тәжірибесімен бөліседі және ҮЕҰ өкілдеріне ұйымдардың әлеуеті арттыру үшін қызметіне нені енгізу керектігін айтады.
«Сыни ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады» тренингі - сағ. 13:00
PhD, ҚБТУ бизнес-мектебінің қауымдастырылған профессоры Қайыржан Әбдіхалықов тренингіне шақырады, онда сіз заманауи ойлаудың қандай ерекшеліктеріне ие болу керектігін білесіз.
Тренинг тақырыптары:
•Неліктен қазір қоғамда клиптік ойлау басым?
•Бұған жол бермеу үшін не істеу керек?
• Логикалық ойлауды қалай үйренуге болады
• Стереотиптік ойлаудан қалай аулақ болуға болады?
Тренинг логика мен сыни ойлаудың қолданбалы дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайымдауларда объективтілікті қалай сақтау керектігін түсіну және кәсіби мәселелер мен оны шешуге сыни тұрғыдан қарау, әсіресе «көпшіліктің ойлауы» басым болған жағдайда маңызды.
«ҮЕҰ үшін медиа және ақпараттық құзыреттілік» тренингі - сағ. 14:30
Қырғызстаннан келген «Медиа сабак» қорының директоры және «Медианы қолдау орталығы» қорының бағдарламалық директоры Айчурек Усупбаева медиа және ақпараттық құзыреттілік бойынша тренингке қатысуға шақырады.
Тренинг тақырыптары:
•Неліктен ҮЕҰ медиа сауатты болуы керек?
• Медиа мазмұнның сенімділігі мен сапасын қалай бағалауға болады?
•Жауапты контент жасаушы болу неге маңызды?
•Коммуникация арқылы ҮЕҰ рөлін қалай арттыруға болады?
Сарапшы интерактивті сабақтар өткізіп, ақпарат көздерін талдауды, бағалауды, әлеуметтік желілердің ерекшеліктерін түсінуді және әртүрлі тапсырмалар үшін медиа құралдарды пайдалануды үйретеді. Тренинг аясында тәжірибелік кейстер, сонымен қатар, өзекті ресурстар мен құралдарға қол жеткізу ұсынылады.
Мына сілтеме бойынша тіркелуге болады
Саны орын шектеулі, тіркелу міндетті. Астана уақытымен тіркелу керек.