news-img

Халықаралық балаларды қорғау күні Өскеменде аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық пен ерте араласу орталығы ресми түрде ашылды.

«Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы аутизмі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығына айналды. Әкімдіктің қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда аутизм спектрінің бұзылған балаларға кешенді көмек көрсетіледі. Әрбір баланың қабілеті мен қажеттілігін ескеріп әдіскерлер әзірлеген жеке бағдарлама бойынша бір жерде жиналған түрлі мамандар қызмет көрсетеді.

Баланы дамыту бағдарламасына дефектолог, логопед, психолог, кәсіби терапевт, жаттығу терапиясының нұсқаушысы сабақтары кіреді. Мамандар Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен бірнеше кезең бойынша оқытылады.

Еңбек терапиясына және әлеуметтік-тұрмыстық бағытқа ерекше назар аударылады, орталық ағаш ұстасы, қыш шеберханасы, тігін цехы сынды кабинетпен қамтылған.

«Қамқорлық» орталығы мамандарының иелігінде жаңа технологиялар: интерактивті және сенсорлық бөлмелер, роботерапия және робототехника, лего-кабинет бар.

Бұл қызметтерді халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жолдамасы бойынша тегін алуға болады.

Сонымен қатар, осы күні Өскемен қаласының Ана мен бала орталығының базасында нейро-ортопедиялық бұзылысы және олардың даму қаупі бар 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Қамқорлық» ерте көмек көрсету бөлімшесі техникалық түрде ашылды. Орталық шілде айында жұмысын бастайды.

Жыл сайын орталық 600 баланы қабылдай алады. Абилитациялық және оңалту көмегінен басқа, ең озық жабдықта диагностикалық аудиологиялық тексеріс және соңғы үлгіде миды зерттейтін ЭЭГ қолжетімді.

Балалармен жұмыс істеу үшін жасақталған мамандардың тобы дайындалды.

Мамандарды даярлауға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған. Орталықтың кабинетін жабдықтап, жиһазбен және заманауи техникамен қамтамасыз етуді «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорлары мойнына алған. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Түсініктеме қалдыру