news-img

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Көшбасшы жолы» мектепшілік турын жалғастырады. Көктемгі демалыс кезінде оқу озаттары мен белсенділері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының атымен тығыз байланысты тарихи нысандарда болып қайтты.

 

Еліміздің бес аймағынан жиналған 13 пен 17 жас аралығындағы оқушылар Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұңғыш Президент Мұражайында, Қорында, Кітапханасында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұражайында, Назарбаев Университетінде, «Байтерек» монументінде, «Нұр Әлем» сферасында, сондай-ақ Алматыдағы Елбасы білім алған Қарасай Батыр атындағы мектепте, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында, «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінде және т.б. көптеген нысандарда болды.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Көшбасшы жолы» мектепшілік турын күзгі және көктемгі демалыстар кезінде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Соның арқасында біз жастар арасында отансүйгіштік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытуда өз үлесімізді қосып келеміз.

 

Тарихи нысандармен таныса отырып, балалар Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихы туралы, Тұңғыш Президенттің жаңа мемлекет құрудағы рөлі мен маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар жөнінде толығырақ біле алады.

- Маған астанаға саяхат өте ұнады. Үш күн бойы біз әр түрлі тарихи нысандарды араладық. Еліміздегі жетістіктер мен Қазақстанда орын алған маңызды оқиғалар туралы көп мағлұмат білдім. Біздің Тұңғыш Президенттің жастық шағы туралы, елімізді дамытуда оның сіңірген еңбегі туралы мәліметтер өте қызықты болды, - деп Ақтөбе қаласының 8-сынып оқушысы Жібек Елеусізова алған әсерімен бөлісті.

 

Келесі оқушы Диана Бусурманова үшін де астанаға жасаған саяхаты ұмытылмас әсер қалдырған. «Бұған дейін мен астанада 2016 жылы болдым. Осы жылдар ішінде астана танымастай өзгерген! Ол ажарлана түскен. Мен біздің еліміз, біздің Тұңғыш Президентіміздің өмірі туралы көп жаңа мәлімет білдім. Осының барлығы менің Қазақстан тарихы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны зерттеуге деген зор қызығушылығымды оятты».

 

Осы жолы мектепшілік тур аясында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Орал және Өскемен қалаларының 120 оқушысы болып қайтты. Турды өткізудің барлық кезеңінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған оқушылардың жалпы саны 1500 адамды құрады.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру