Алматыда шығармашылық мамандықтары студенттерінің арасында олимпиада өткізілмек
1 сәуір (дүйсенбі) Алматыда шығармашылық мамандықтары студенттерінің арасында ХІ республикалық студенттер олимпиадасы басталады. Талантты жастарды анықтау және ынталандыруға бағытталған жобаның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы болып табылады.
Шығармашылық ЖОО мен институттардың музыка факультеттерінің студенттері төмендегі жеті бағыт (мамандық) бойынша бақ сынасатын болады: «Дәстүрлі музыка өнері», «Аспаптық орындау», «Арт-менеджер», «Музыкалық білім», «Дирижерлік өнер», «Композиция» және «Вокалдық өнер».
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров өнерпаз жастарға қолдау көрсету Қор қызметінің басым бағыттарының бірі екендігін және ол үнемі жүзеге асырылып отыратындығын атап өтті. «Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылында, Қазақстан үшін жаңа кезеңде өткізілуінің символдық мәні бар. Ең жарқын және өршіл жоспарлар осы жастық шақта дүниеге келеді. Жастардың білімі, біліктілігі мен дағдылары – кез келген ұлт үшін ең қымбат әрі маңызды ресурс деуге болады. Олимпиада – бұл оқып үйрену, туғызу, өз білімін кеңейте түсу үшін берілген тағы бір мүмкіндік. Осының арқасында біз талантты музыканттардың жаңа буынын анықтай алатындығымызға сенімдімін», - деді ол.
Олимпиаданың басты мақсаты – талантты және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту әрі өнерпаз жастар арасында ғылыми-танымдық іс-әрекетті ынталандыру. Биыл Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларынан жобаға қатысу туралы 350 өтініш берілген болатын.
Сондай-ақ ХІ республикалық олимпиада аясында мамандандырылған мектептер мен музыка колледждерінің оқушыларына арналған тоғыз шығармашылық мамандық бойынша кіші олимпиада өткізіледі.
Бұл жобаның сөзсіз бірегейлігі – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы Қазастандағы жоғарғы кәсіби музыкалық білім берудің негізгі орталықтарының бірі бола отырып, еліміздегі өнерпаз жастар үшін бастапқы алаңға айналуы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жас әрі талантты қазақстандықтардың шексіз әлеуетін дамытуға бағытталған біздің жобалар мен бастамаларымызға үлкен қолдау көрсететіндігі үшін алғысымыз шексіз», - деді Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.
Қазылар алқасы құрамы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы және еліміздің өзге де жетекші өнер оқу орындары мен мәдениет мекемелерінің ең үздік мәдениет және өнер өкілдерінен құралғандығын атап өткен жөн. Шығармашылық дода – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы қабырғасында оздырылады және 18 сәуірге дейін жалғасатын болады.
Олимпиаданың салтанатты ашылу бағдарламасы аясында Г.Миллер, П.Чайковский, Т.Абдинуров, О.Гьиело, С Рахманинов, Естайдың, т.б. шығармалары орындалады.
Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді 1 сәуір сағат 10:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залына олимпиаданың ашылу салтанатына шақырамыз.
Мекен-жайы: Алматы, Абылай хан даңғылы, 90
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13