news-img

Тәуелсіз Қазақстан жастарының бет-бейнесі фотокөрмеде жарық көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты негізінде жүзеге асырылып жатқан Қазақстан жастарын танытатын «БЕЙНЕ» жобасы іске қослды. 

Жобаның мақсаты – жұмысшы жастарды қоғамға насихаттау, бейнесюжет арқылы жастарды еңбекқорлыққа баулу, еңбек адамының жұмысын жан-жақты дәріптеу.

Жоба авторы – «URKER-2022» ұлттық бәйгесі «Жылдың үздік фотосуреті» номинациясының жеңімпазы, фотограф Мейірбек Тажқұранов. Оның туындылары ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде өткен фотокөрмеге және Ашхабадтағы экология мәселесіне арналған фотокөрмеге қойылған. Автордың еңбектері «National Geographic Qazaqstan» журналдарына басылып шыққан.

Автор «Бейне» жобасы арқылы қолына портфель ұстап, галстук таққан емес, нағыз жұмысшы жастарды еліміздің түкпір-түкпірінен іздеп, көпшілікке фоторепортаж арқылы танытуда. Олардың қатарында ауылда төрт түлік мал ұстап, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа, он саусағынан өнер тамған қолөнерші, субмәдениет өкілдері, спортшы, өнерпаз және түрлі салада еңбек етіп жүрген жастар бар.

Түсініктеме қалдыру