Қарағанды облысында зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық насихатталуда
Теміртауда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттық қолдауымен «Менің үйім» халыққа әлеуметтік көмек көрсету және дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігі іске асырған «Антибуллинг – бағдаршам» жобасы қорытындыланды. Ұйым «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдар» Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпаздарының бірі болды.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап бүкіл облыс бойынша ҮЕҰ командасы облыстың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары мен педагогтарына арналған 45 тренинг өткізді. Оқудан өткен мамандар оқушыларға жанжалдарды өз бетінше шешу және олардың алдын алу дағдыларын игеруге көмектесті. Жасөспірімдердің өзін-өзі реттеуі қорлау қаупін азайтуға көмектесіп қана қоймай, оларды қоғам дамуының маңызды элементі болып табылатын әлеуметтік жауапкершілікке шақырады. Тренинг қорытындысы бойынша педагогтар оқушыларды зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық бойынша тұрақты оқыту қажеттілігін атап өтті.
- Тренинг материалын беру балаларға етене жақын әрі түсінікті болды, бұл өте маңызды. Бұл жай баяндап беру емес, жұмыс процесіне белсенді қатысу. Тренинг соңында балалар іс-шараны жалғастырғысы келді, - деді Бірінші Теміртау классикалық лицейінің директоры Дмитрий Пашин.
Жоба аясында 609 педагог пен 2092 оқушы қамтылды. Жобаның негізгі қорытындысы авторлар студенттердің зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық әдістері мен буллингтің алдын алу тәсілдері туралы тыңдаушылардың білімін айтарлықтай арттыра алды.
- Тренинг сенімге негізделген оқушылармен диалог түрінде өтті. Жаттықтырушылар қатысушыларды өздеріне баурай алды. Материал тренинг тақырыбына сәйкес таңдалды, оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді, өзекті мәселелер қозғалды, - деді педагог-психолог Алёна Свиридова.
Ұйымдастырушылар бұл жұмысты Білім басқармасы мектептердегі буллинг мәселесіне назар аударады, ал зорлық-зомбылықсыз мінез-құлық оқушылардың өмір сүру нормасына айналады деген үмітпен жалғастырады.