news-img

Астанада 2024 жылы 17-24 мамыр аралығында Тұңғыш Президент музейі Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей апталығын» өткізеді.

Апта шығармашылық индустрияны дамытуға және қолдауға, ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға және Тұңғыш Президент музейінің білім, өнер және мәдениет саласындағы алыс-жақын шетелдердің музейімен мәдениетаралық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Апталық аясында көрмелер, шеберлік дәрістері, пленэрлер, коллоквиум, экскурсиялар өтеді. Сонымен қатар, осы күндері «Диалог өнері» музейінің халықаралық жобасы жұмысын бастайды.

Жоба Тұңғыш Президент музейінде «Өнер ретінде жанданған Ханбок» көрмесінің ашылуынан басталады. Көрмені Корея Республикасы Елшілігінің корей мәдени орталығы мен Савиннің қазіргі заманғы өнер музейі (Оңтүстік Корея) ұйымдастырады. Ол қазіргі заманғы өнер объективі арқылы Корей ұлттық костюмі – ханбоктың дамуы мен өзгеру тарихын бейнелейді.

Көрме келушілерге халықтың мәдени дәстүрлері туралы түсінік қалыптастырып, бүкіл әлемнің тарихи және мәдени мұрасына құрметпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.

Көрмеге Савиннің қазіргі заманғы өнер музейінің (Чонно-гу, Сеул, Оңтүстік Корея) топтамасына 12 суретшінің 35 туындысы қойылған. Суретшілер ханбоктың дәстүрлі өрнектерін, түстері мен формаларын түрлі әдіс-тәсілді қолдана отырып кескіндеме, мүсін инсталляция, компьютерлік және цифрлық графика сынды шығармашылықпен түсіндіреді. Квон Хи Су картиналары, Нам Гён Мина мен Ян Дэ Вонның жұмыстары ұсынылған. Ли Дон А-ның кескіндерді әртүрлі бұрыштарда өзгертетін лентикулярлық басып шығару техникасындағы жұмыстары да назар аударады.

Көрме 2024 жылдың 23 маусымына дейін жалғасады.

Көрмеге қатысуға ниет білдірушілер мына нөмірлерге хабарлассын: 70-83-31, 8 775 104 55 33, 8 747 919 62 90.

Түсініктеме қалдыру