news-img

2024 жылдың 28 қазан – 1 қараша аралығында Музей-көрме қызметінің қызметкерлері Ж.К. Нұрлыбаев пен Е.Ғ. Хұсайын Түркістан қаласының музейлеріне қызметтік барды. Сапардың мақсаты – экспозициялық және реставрациялық қызмет саласында тәжірибе алмасу, жаңа әдістермен және технологиялармен танысу.

Іссапар барысында келесі мекемелердің қызметімен танысты:

    • «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы;

    • Түркістан қаласының тарихи музейі;

    • «Ұлы дала елі» орталығы.

Музей-көрме қызметінің қызметкерлері экспозициялық-көрме қызметі бойынша жұмыс тәжірибесімен, музей заттары мен экспозицияларды ұсыну әдістерімен, сондай-ақ музей заттарын сақтау, қалпына келтіру және консервациялау ережелерімен танысты. Сапар аясында өңірдің музейлерінде қолданылатын озық тәжірибелер зерделеніп, мәдени мұраны сақтау мен таныстырудың өзекті мәселелері талқыланды.  

Түсініктеме қалдыру