Батыс Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері өтіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында Қор өкілдері өңірдің оқушыларына, студенттеріне және мұғалімдеріне жобасын таныстырып, олар үшін шеберлік дәрістерін ұйымдастырып, балаларға арналған оңалту орталықтарын аралап жүр.
Қор күндерінің маңызды іс-шарасының бірі – «Аялаған алақан» қайырымдылық қорының Best өнер мектебінің жұмысымен танысу болды. «Аялаған алақан» қоры әлеуметтік маңызды қызметпен талай жылдан бері айналысып келеді. Бұл мектепте балалар сурет өнері мен қолөнерді үйренеді, олардың арасында ерекше қажеттілігі бар балалар көп.
«Аялаған алақан» Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантының иегері болып табылады және сол гранттың арқасында «Мобильді әлеуметтік шаштараз» жобасы қолға алынды. Жоба аясында Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар, көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар маникюр, педикюр, кірпік ұзарту, шаштараз қызметтері бойынша тегін оқудан өтіп, бүгінде табысты жұмыс істеп келеді.
Best мектебінің жұмысымен танысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атынан 3 000 000 теңге көлемінде қаржылық сертификат табыстау рәсімі өтті. Бұл қаражат үш шалғай ауылдық елді мекенде сұлулық салонын ашуға жұмсалады. Ол жерде көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы басқа да әйелдер жұмыс істейді. Олар алдын ала әлеуметтік кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренеді.