news-img

«El Úmiti» корпоративтік қорының роуд-шоуы аясында Батыс Қазақстан облысының мектеп директорлары мен мұғалімдеріне негізгі білім беру жобалары таныстырылды.

Қор қызметкерлері «Myn Bala» (ауылдық жерлерден 5-6 сыныптағы 1000 дарынды оқушыны анықтап, елдегі үздік мектептерде білім алуға мүмкіндік береді), «Qabilet» (балалардың қабілетін диагностикалау және оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау), «Smart Ustaz» (эмоцияларды тану және түсіну дағдысы, балалардың даму ерекшелігін, сондай-ақ отбасымен жұмыс істеу дағдысын анықтауға бағытталған мұғалімдерге арналған курс), «Тәуелсіздік дәуірі» (оқушылардың тарихтан білімін тексеруге арналған білім беру платформасы) және т.б. бірнеше жобаға тоқталды. Бұл жобалар жастарға сапалы білім алу және өзін әртүрлі салада жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.

– «El Úmiti» корпоративтік қорының миссиясы – жас толқынға талантын ашу және азаматтық белсенділігін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер беру. Батыс Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылған бұл іс-шаралар еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін жас көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған. Жастардың білімін, шығармашылық және ғылыми қабілетін қолдай отырып, патриотизмді дамытуға ықпал етеміз және қоғамның тұрақты дамуына үлес қосамыз. Сонымен қатар, биыл Қазақстанның аймақтарында балалар үйлерінің қызметкерлеріне арнайы тренингтер өткізілгенін атап өткен жөн, – деді «El Úmiti» КҚ басқарушы директоры Гүлім Жүсіпова.

Түсініктеме қалдыру