news-img

Батыс Қазақстан облысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері өтті. Іс-шаралар барысында Қор өкілдері өңірдің оқушыларына, студенттеріне және оқытушыларына түрлі жобаларды таныстырып, шеберлік дәрістерін ұйымдастырды, балаларды оңалту орталықтарына барды және ҮЕҰ-ға қаржылай қолдау көрсетті.

Іс-шараның басты оқиғасының бірі — информатика мұғалімдеріне арналған «Arduino негізінде бағдарламалау және жоба жасау» курсы болды. Үш күн ішінде қатысушылар Arduino платформасымен жұмыс істеу негіздерін меңгеріп, бағдарламалау, шығармашылық жобаларды жасау және қарапайым роботтан бастап интерактивті ақылды механизмге дейінгі жеке құрылғыларын құрастыру әдістерін үйренді.

Тағы бір маңызды білім беру бағдарламасы спорттық робототехникаға арналған «Инженерлік бөлім және спорттық робототехникада кеңінен қолданылатын роботтарды бағдарламалау» курсы болды. Бұл курстан 60 мұғалім өтті, олар робототехника бойынша жарыстарға оқушыларды дайындау үшін қажетті білім мен құралдарды игерді. Курс инженерия және робототехника саласындағы білімін тереңдетуге мүмкіндік беріп, қазіргі заманғы технологияны білім беру үдерісіне енгізуге жол ашты. Курс соңында қатысушылар жаңа біліктілік туралы куәландыратын сертификат алды.

Қор күндері әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылды. Қор қызметкерлері Оралдағы балаларды оңалту орталығына, ерте араласу орталығына және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау мақсатында ашылған инклюзия кабинеттеріне (Подстепное ауылында) барды.

Еліміз бойынша орталықтар «Қамқорлық» КҚ, «Samruk-Kazyna Trust», «Қазақстан халқына» қоры және аймақтық әкімдіктердің қолдауымен ашады. Бұл орталықтарға церебралды сал ауруы, туа біткен ми және жұлын ақауы, нейроинфекция салдары, аутизм және т.б. аурулары бар балалар келеді. Мұнда заманауи жабдықтар орнатылып, қызметкерлер арнайы оқудан өткен. Орталықта логопед, дефектолог, невропатолог, емдік дене шынықтыру инструкторы және т.б. мамандар жұмыс істейді.

«Қамқорлық» жобасы оң нәтиже көрсетіп отыр.

2020 жылдан бастап 17 оңалту орталығы 38 370 баланы қабылдады, оның 2884-і жүре бастады, 4183-і сөйлей бастады.

17 ерте араласу орталығына 12 812 бала келіп, олардың 1521-і жүріп, 1556-сы сөйлеуді үйренді.

Аутизм және басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларға арналған 7 орталық ашылғаннан бері бүгінгі күнге дейін 858 баланы қабылдады.

Мектептер жанындағы 16 инклюзияны қолдау кабинеті жұмысының арқасында 182 бала мектепке біріктірілген.

Қор күндері бағдарламасының маңызды бөлігі – «Аялаған алақан» қайырымдылық қорының Best өнер мектебінің жұмысымен танысу болды. «Аялаған алақан» қоры ұзақ жыл бойы әлеуметтік маңызды жұмыстармен айналысып келеді. Бұл мектепте ерекше қажеттілігі бар көптеген баланы сурет салу мен қолөнер дағдыларын үйренуде.

«Аялаған алақан» Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантына ие болып, осы грант негізінде «Мобильді әлеуметтік шаштараз» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарынан келген мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналар маникюр, педикюр, кірпік өсіру, шугаринг және шаштараз ісі бойынша тегін оқытылды. Қазір олар табысты жұмыс істеп жатыр.

Best мектебінің жұмысымен танысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атынан 3 000 000 теңге көлеміндегі қаржылай сертификат табыстау рәсімі өтті. Бұл қаражат үш шалғай ауылдық елді мекенде сұлулық салонын ашуға жұмсалады. Мұнда көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтардағы басқа әйелдер жұмыс істейді. Олар алдын ала әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтеді.

Мектеп директорларына оқушының қабілетін диагностикалау және сыни ойлау мен когнитивті икемділік сынды негізгі құзыреттерді, мысалы бойынша тренингтер өткізілді.

Debat Eli қоғамдық қоры пікірталас бойынша тренингтер мен Oral Open пікірталас турнирін өткізді.

Турнирге беделді сайыстарға қатысуды мақсат тұтқан 28 команда қатысты.

Іс-шара соңында Қор «El Úmiti» корпоративтік қорының білім беру жобаларын таныстыру мақсатында роуд-шоу ұйымдастырды. Оған өңірдегі білім беру бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорлары қатысып, «Myn Bala» (ауылдық жердегі 5-6 сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын іріктеп, еліміздегі үздік мектептерде оқуға мүмкіндік беру), «Qabilet» (балалардың қабілетін диагностикалау және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру), «Smart Ustaz» (балалардың эмоцияларын тану және түсіну, дамуының ерекшеліктерін анықтау, отбасымен жұмыс істеу дағдысын дамытуға арналған мұғалімдерге арналған курс), «Тәуелсіздік дәуірі» (оқушылардың тарихтан білімін тексеруге арналған білім беру платформасы) және т.б. жобалармен танысты. Бұл жобалар жастарға заманауи білім алуға және түрлі салада өзін дамытуға мүмкіндік береді.

– «El úmiti» корпоративтік қорының міндеті – жастарға талантын ашып, азаматтық белсенділікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер беру. Батыс Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылған іс-шаралар еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін жас көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған. Біз білім беру, шығармашылық және ғылыми қабілетті қолдау арқылы патриотизмді ілгерілетіп, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосамыз. Сондай-ақ, биыл Қазақстанның әр өңіріндегі балалар үйі қызметкерлеріне арнайы тренингтер өткізілгенін атап өткен жөн, – деді «El úmiti» КҚ басқарушы директоры Гүлім Жүсіпова.

Түсініктеме қалдыру