Тұңғыш Президент Музейінде «Тәуелсіздік шежіресі. 1 желтоқсан 1991 жыл» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Музейде қазіргі Қазақстанның қалыптасуына әсер еткен аса маңызды оқиғаларды зерделеуге бірегей мүмкіндік беретін көрме ашылды.
Көрме экспозициясы егеменді республиканың қалыптасуына негіз болған оқиғалар туралы баяндайды және мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ашады.
Келушілер сол кездегі өзгерістердің ауқымын тереңірек түсінуге көмектесетін тарихи құжаттарды, архивтік материалдарды, сирек кездесетін фотосуреттер мен бейнебаяндарды көре алады.
Сізді көрмені тамашалауға шақырамыз:
• Тұңғыш Президент Музейі (Ә. Бөкейхан көшесі, 1)
• Жұмыс режимі: жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін
• Экскурсияға жазылатын телефон: +7 7172 70 83 65, + 7 702 258 66 08