news-img

Тұңғыш Президент Музейі жаңа екі көрмені ықыласпен таныстырады, олардың әрқайсысы өзінше бірегей және тарих пен өнердің байлығын таңданарлық экспонаттар арқылы ашады.

«Пішін өнері: Көркем қола туындыларының жинағы» көрмесі келушілерді көркем қоладан жасалған әсем мүсіндер әлеміне шақырады. Экспозиция уақыттық және стилистикалық кең палитраны қамтиды – мұнда Сальвадор Далидің сюрреалистік бейнелерінен бастап, Франк Майслер және Даши Намдаков сияқты әлемге әйгілі шеберлердің осы заманғы туындылары қойылған. Дәстүр мен авангардтың бірегей үйлесімі көрермендердің көз алдынан қолаға құйылған көркем тілдің сұлулығы мен тереңдігін айқара ашып береді.

 

«Қару-жарақ топтамасынан дипломатиялық сыйлықтар» көрмесі дипломатиялық жолмен тарту етілген суық және от қарудың үлгілері арқылы тарих қойнауына тереңдеуге шақырады. Экспозицияда араб қылыштары, сәнді джамбия қанжары, аңызға айналған Зұлпықар семсері, сақ ақинағының көшірмесі және атақты жапон катанасы қойылған. Әр бұйым қару-жарақ зергерлерінің шеберлігін ғана емес, сол жауһарларды жасаған халықтардың мәдени мұрасын танытып тұр.

 

Екі көрме де келушілер үшін ашық. Баршаңызды тарих пен өнерге етене болуға шақырамыз.

 

Қосымша ақпарат алу және экскурсияға жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: +7 7172 70 83 65, + 7 702 258 66 08.

 

Түсініктеме қалдыру