news-img

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы Конвенцияның қабылданғанына 45 жыл толуына орай Алматыда XVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Әйелдер мен балалардың құқығын қамтамасыз ету және қорғаудың заманауи мәселелері: Қазақстан мен шетелдердің тәжірибесі» атты форумды Әділет жоғары құқық мектебі мен Каспий университетінің Қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен ұйымдастырды.

Каспий университетінің бірінші проректоры Нұржамал Дүйсенғұлова баяндамасында Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және балалардың құқығын қорғау саласындағы жетістіктерін, оның ішінде халықаралық конвенцияларды ратификациялау мен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды атап өтті. Ал Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов әлеуметтік шиеленістердің өсуі жағдайында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін заңнаманы жетілдіру қажеттігін баса айтты.

«Мейірімділік» Ерікті қоғамы» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин өз сөзінде қоғамның мәдени және білім деңгейін арттыру, агрессияны төмендету және балалардың бақытты өмір сүру құқығын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне назар аударды. Құқық докторы PhD, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі халықаралық кеңесшісі Халида Әжіғұлова «Салтанат заңының азаматтарды зорлық-зомбылықтан қорғаудағы маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасап, әйелдердің құқығын қорғау, зорлық-зомбылық мәселесі мен оның ықтимал түрлерін айтты.

Сондай-ақ, конференцияда заң факультетінің студенттері де баяндама жасап, Қазақстандағы әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға қатысты маңызды аспектілерді талқылауға ұсынды. Үздік жұмыстардың авторы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сыйлықтарымен марапатталды.

Конференция әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға арналған өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және заңнамалық базаны жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу бойынша маңызды алаңға айналды.

Түсініктеме қалдыру