news-img

Тұңғыш Президент музейі «Диалог өнері» мәдени-көрме жобасы аясында «Мен музыканы бейнелеймін» атты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониямен және ЮНЕСКО-ның Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі-клубымен бірлесіп өткізілді. Ол еліміздің жаңа астанасының жарияланған күніне – 1997 жылғы 10 желтоқсанға орайластырылған.

Sound art форматында өткен бұл ерекше іс-шара музыка мен бейнелеу өнерін біріктірді. Балалар көркемсурет мектебінің жас тәрбиеленушілері камералық хордың жанды орындауының сүйемелдеуімен туындыларын нақты уақыт режимінде салды.

Ерекше атмосфера салтанат құрған іс-шараның бұл форматы өнерді қабылдаудың жаңа көкжиектерін ашады.

Тұңғыш Президент музейі осындай іс-шараларды ұйымдастыра отырып, жастардың шығармашылық дамуына ықпал етеді, жас ұрпақты дәстүрлі өнер мен қазақ мәдени мұрасының құндылықтарына баулиды, жастар арасында диалог алаңын құрады.

Жалпы, музейдің «Диалог өнері» жобасы креативті индустрияны қолдауға, Қазақстанның мәдени мұрасын әлемдік мұраның бір бөлігі ретінде насихаттауға, білім, өнер және мәдениет салаларында шетелдік музейлермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

 

 

Түсініктеме қалдыру