Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының финалына өткен ТОП-50 ҮЕҰ анықталды
«Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future» әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының II кезеңінің қорытындысы шықты. Қазақстан Республикасының 50 үкіметтік емес ұйымдары 16-17 сәуірде Алматы қаласында өтетін әлеуметтік идеялар мен жобалар Жәрмеңкесі аясында - байқаудың финалында өз жобаларын ұсынады.
Биылғы жылы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауына еліміздің 16 өңірінен 161 өтініш келіп түсті. Алдын ала өткізілген екі кезеңнің қорытындысы бойынша байқау комиссиясы осы тақырыпқа және номинацияларға сәйкес келетін 50 үздік жобаны таңдады. Енді финалистер қазылар алқасы алдында әлеуметтік жобаларды толық қорғауды жүзеге асырады. Комиссиядан жоғары баға алған ҮЕҰ практикалық деңгейде жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорынан қаражат алады.
Естеріңізге сала кетейік, байқаудың мақсаты азаматтық қоғамды дамыту, оның өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызды міндеттерін шешуге оның институттарының әлеуетін тарту, сондай-ақ одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.
Биылғы жылы байқаудың жаңартылған шарттары бойынша үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, этникалық қауымдар, қоғамдық және жеке қорлар мен мекемелер, кәсіподақтар, қызығушылық клубтары, одақтар, бірлестіктер, қоғамдық кеңестер және жастар бастамашыл топтары қатысты.
Сіздердің назарларыңызға финалға қатысушылар тізімін ұсынамыз.
ТОП-50 тізімі.
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының барлық қатысушыларын құттықтаймыз және қоршаған әлемге қамқорлық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Өзіңіздің күнделікті еңбегіңізбен сіз қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге үлкен үлес қосасыз.