Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Ақтөбе облысында: мүмкіндіктер аясын кеңейту

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жаңа ауқымды бағдарламамен Ақтөбе облысына келді.
Оқытушылар, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған курстар, ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту орталықтарына бару, ҮЕҰ-ға қаржылық қолдау көрсету – осы және өзге де шаралар Қор өкілдерінің аймақтағы сапары барысында жүзеге асырылды.
Қазіргі әлемде технология ғылымның, өнеркәсіптің және білім берудің дамуына негізгі ықпал етуде. Сондықтан білімді жас буынды қалыптастыруға көмектесетін курстар ұйымдастыру – Қор бағдарламасының маңызды бөлігі.
Үш күн ішінде екі курс өткізілді - «Arduino негізінде бағдарламалау және шығармашылық жобалар жасау» және «Инженерлік бөлім және спорттық робототехникада кеңінен қолданылатын роботтарды бағдарламалау». Қатысушылар бағдарламалау әдістерін, шығармашылық жобаларды әзірлеуді және құрылғысын жасауды меңгерді. Олар заманауи құралдар мен озық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу әдістеріне қол жеткізді. Жалпы, курстарға 60-қа жуық педагог қатысты.
«El umiti» Қорының білім беру жобаларының роуд-шоуы аясында бірнеше жоба таныстырылды. Өңірдің 100-ге жуық білім бөлімінің басшылары мен мектеп директорлары Қордың негізгі жобаларымен танысты: «Smart Ustaz» (педагогтерге эмоцияларды тану және түсіну, балалардың даму ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ отбасымен жұмыс істеу дағдысын дамытуға арналған курс), «Myn Bala» (ауылдық жерлердегі 5-6 сынып оқушылары арасынан ең қабілетті 1000 баланы іріктеп, оларға елдің үздік мектептерінде оқу мүмкіндігін беру), «Qabilet» (балалардың қабілеттерін диагностикалау және кәсіби бағдар беру), «El Umiti» сыйлығы (Қазақстанның дарынды жастарын қолдау, дамыту және ынталандыруға бағытталған жоба. Грант көлемі – 500 000-нан 2 000 000 теңгеге дейін).
Сонымен қатар, өңір мұғалімдеріне арналған бірқатар оқыту тренингтері өтті. Негізгі тақырыптар: «Қазіргі заманғы білім беру ұйымының басшысын басқару дағдылары», «Балалардың қабілетн диагностикалау әдістері және мектеп жасындағы балаларда «4К» дағдысын дамыту / Суицид қаупі, қауіпсіздікті жоспарлау».
Білімін сынап көру үшін қатысушылар «Тәуелсіздік дәуірі» интеллектуалдық ойыны бойынша турнирге қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өңірлерге барып, қызметі әлеуметтік міндеттерді шешуге және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған белсенді коммерциялық емес ұйымдарға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Сапар аясында өңірге 2 000 000 теңгеден 2 ҮЕҰ – «Ерекше балалардың ата-аналар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің «филиалы мен «Дыбыс 77» жеке мекемесіне сертификаттар табысталды.
Аталған бірлестік ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға психологиялық және ақпараттық қолдау көрсетеді. «Дыбыс 77» мекемесі Ақтөбе облысындағы кохлеарлық импланты бар балаларға психолого-педагогикалық және техникалық көмек көрсетумен айналысады.
Қордың ұзақ жылғы басты бағытының бірі – «Қамқорлық» жобасын жүзеге асыру. Жоба аясында еліміздің әр аймағында балаларға арналған оңалту орталықтары ашылуда. Бұл бастаманың негізгі серіктестері – «Samruk-Kazyna Trust» қоры, «Қазақстан халқына» қоры және жергілікті әкімдіктер.
Жоба аясында Ақтөбе облысында Оңалту орталығы, ерте араласу орталығы, сондай-ақ аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық ашылды. Сонымен қатар, Шалқар ауылында тағы бір оңалту орталығының ашылуына дайындық жүргізіліп жатыр.
Орталықтарда білікті мамандар – логопедтер, психологтар, неврологтар, дефектологтар және басқа да мамандар жұмыс істейді.
2022 жылдан бері Ақтөбе қаласындағы орталықта 2 334 бала оңалтудан өтті. Ерте араласу орталығында 888 бала медициналық көмек алды.
2024 жылдың қазан айында ашылған аутизм және басқа да менталды ауытқуы бар балаларға арналған орталық күніне екі ауысымда 125 баланы қабылдайды.
Орталықтарға сапары барысында Қор қызметкерлері балаларға ойыншықтар, кондиционер және компьютерлік техника сыйға тартты.
Қордың өңірдегі маңызды шараларының бірі №7 қалалық емханада UMC Жүрек орталығы мамандарының көшпелі қабылдауын ұйымдастыру болды. Сессия барысында Ақтөбе облысы тұрғындарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді, пациенттерге кеңестер берілді, жоспарлы госпитализацияға бағыттау жүргізілді.
Сессияны интервенциялық кардиология бөлімшесінің дәрігері Қайсар Әлімбаев, интервенциялық аритмология бөлімшесінің дәрігері Нұрғанат Мадреймов жүргізді.
Сонымен қатар, өңір мұғалімдері үшін бірқатар маңызды тренингтер ұйымдастырылды. Негізгі тақырыптар: «Педагогикалық қызметтегі эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу», «Стигматизация немесе «қорлау» теориясы және оның педагогикалық этика нормаларымен байланысы», «Балалардың қабілетін диагностикалау және 4К дағдысын дамыту әдістері».
Мектеп оқушылары мен студенттер үшін ерекше оқиға – «Aktobe Open» дебат турнирінің өткізілуі болды. Іс-шараны «Debat Eli» қоры ұйымдастырды. Ол World Schools Debating Championships Ltd. ресми өкілі және жастар үшін республикалық және халықаралық дебат турнирлерін тұрақты түрде ұйымдастыратын қор.