news-img

Тұңғыш Президент Музейі депортация, қуғын-сүргін, тың және ауқымды құрылыстарды игеру жылдарында Қазақстанда қалған адамдардың тағдырына арналған «Менің тарихым» цифрлық архивін іске қосады. Бұл жоба еліміздің полиэтникалық қоғамының қалыптасуына үлес қосқан адамдардың естеліктерін сақтауға көмектеседі.

Біз жеке тарих, құжаттар, фотосуреттер мен естеліктерді жинап, болашақ ұрпаққа осы оқиғалардың толық әрі шынайы жеткізуді мақсат етеміз. «Менің тарихым» естелік қоры ғана емес, этносаралық бірлікті нығайтуға ықпал ететін диалог алаңы болады.

Егер сізде бөлісуге дайын отбасылық тарих немесе материалдар болса, оларды myhistorykz@gmail.com электронды      поштасына жіберіңіз немесе

https://forms.gle/1eheJUMagGLMaSWW7 Google-форманы толтырыңыз.

Жобаға қосылып, тарихи жадты сақтаудың бір бөлігі болыңыз!

Бөлісу