news-img

Алматыда Qolqanat Foundation қоғамдық қоры Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен және Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында жүзеге асырған «Инклюзивті қолөнер» жобасының қорытынды таныстырылымы өтті.

Іс-шараға 30-дан астам адам әлеуметтік кәсіпкерлер, ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, белсенділер және ең бастысы, осы жоба арқылы өмірін өзгертуге мүмкіндік алған азаматтар қатысты. Жылы әрі шабыттандыратын атмосферада қатысушылар өзінің оқиғасымен, әсерімен және болашаққа деген жоспарын бөлісті.

Қазірдің өзінде жасалған жұмыстар:

   • Тігін ісі, киіз және тоқыма өндірісі, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық тақырыптары бойынша 4 инклюзивті бейнесабақ дайындалды. Барлық курс Қазақстанның ымдау тіліндегі (ҚЫТ) сурд-аудармасымен және қазақша, орысша субтитрлермен сүйемелденген.

   • Курстар мемлекеттік Skills Enbek платформасына (skills.enbek.kz) жүктеліп, әлеуметтік осал топтарға тегін қолжетімді.

   • 100-ден астам адам оқудан өтті, 30-дан астам қатысушыға жұмысқа орналасу бойынша кеңес берілді.

   • Курстарды әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнер саласының практик мамандары әзірлеген, бұл оқытуды барынша қолжетімді және түсінікті қылады.

   • Оқыту жұмысқа орналасуға немесе өзінің әлеуметтік бизнесін құруға нақты мүмкіндік береді.

– Инклюзивті курстар жаңа мамандықты тегін меңгеріп, бірден жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Біз 1000 адамды оқытып шығарып, инклюзивті курстар базасын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – деді жоба жетекшісі Сәния Арынова.

Іс-шарада курс авторлары мен сарапшылар Тоғжан Құттығаева (киіз ісі), Жәмила Тұрымқожаева (тігін ісі), сондай-ақ барлық бейнематериалдың есту қабілеті бұзылған адамдарға бейімделуін қамтамасыз еткен сурдоаудармашы Наталья Преображенская сөз сөйледі.

Жобаның серіктестері «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Алматы қалалық мансап орталығы өкілдері қолдау білдірді. Курс аясын кеңейту, түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау және жаңа бағыттарды (мысалы, былғарымен жұмыс істеу және аяқ киім өндірісі) іске қосу жоспарлары талқыланды.

Бұл неге маңызды:

   • «Инклюзивті қолөнер» жобасы жай ғана оқыту емес, бұл дербестік пен әлеуметтік ықпалдастықққа апаратын жол.

   • Бұл Қазақстанда экологиялық сананы дамыту мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдауға қосылған үлес.

   • Бұл ӘИЖ грантының идеяны бастауға ғана емес, оны нақты нәтижеге жеткізуге көмектесетіне жарқын мысал.

Барлық курсты qolqanat-foundation.kz сайтынан таба аласыздар қосылып, бұл ақпаратты өмірін өзгерте алатын адамдармен бөлісіңіздер.
 

Бөлісу