news-img

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше қажеттілігі бар балалар тамаша сыйлық алды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Ұлттық балаларды оңалту орталығына көпфункциялы спорт алаңын сыйлады.

Алаңның ашылу рәсіміне ондаған бала мен олардың ата-аналары қатысты.

Салтанатты жиынды әсерлі құттықтау сөздер, жүрекке жылы әндер және аниматорлар ұсынған көңілді бағдарлама көркейте түсті. 

Айта кетейік, қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыру – Қордың басты бағыттарының бірі. Жыл сайын мұндай жобаларға жүздеген адам атсалысып келеді.

Бөлісу