news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - 2025» аяқталды. Екі күнге созылған ауқымды онлайн іс-шара еліміздің түкпір-түкпіріндегі жасөспірімдер мен жастармен тығыз жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар үшін ортақ алаңға айналды. Олар көмек көрсетіп, білім беріп, қолдау білдіріп, қауіпсіз әрі дамушы орта құруда еңбек етіп келеді.

Жәрмеңкенің басты оқиғасы - Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдердің өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар байқауы болды. Байқау үш аталым бойынша өткізілді: «Жастар мен жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі», «Зорлық-зомбылықсыз болашақ: алдын алу шаралары» және «Ертеңгі көшбасшы: жастар мен жасөспірімдердің кәсіби дамуы».

Байқауға еліміздің 19 өңірінен 132 өтінім келіп түсті. Финалға білім беру, инклюзия, психикалық денсаулық, цифрлық сауаттылық және құқық қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтардың 50 үздік жобасы өтті. Барлық финалист бастамасын онлайн презентация форматында таныстырып, көрермендер мен қазылар алқасының үлкен қызығушылығын тудырды.

- Біз ауыл мектептері, оңалту орталықтары, коворкинг, жасөспірімдер чатында, театрда, цифрлық кеңістікте шынайы өзгеріс жасап жүрген ұйымдармен жұмыс істейміз. Жәрмеңкеде ұсынылған жобалар қолдауды шынайы, түсінікті әрі қолжетімді етеді. Бұл ресми нәрсе емес, өмірдің өзі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қорының аға жоба үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.

Қазылар алқасының пікірінше, ұсынылған жобалар ҮЕҰ-ның кәсіби деңгейінің жоғары екенін және жасөспірімдердің сұранысына жедел жауап бере алатынын көрсетті.

- Үшінші сектордың жоғарыдан емес, олардың орнына емес, қалай бірге жұмыс істеуге болатынын көрдік. Жастармен жұмыс істейтін ұйымдар олардың нақты сұранысын біліп, нақты, тиімді шешімдер ұсына біледі, - деді «Равный равному» ҚҚ төрайымы әрі қазылар алқасының мүшесі Людмила Полякова.

- ҮЕҰ үшін не істейтіні ғана емес, қалай істейтіні де маңызды. Бұл жобалардан жанашырлықты, жүйелілікті және ұзақ мерзімді ой-пікірді көремін. Мұндай ұйымдар қауымдастықтарында даму нүктесіне айналады. Ал біз сарапшы ретінде оларға қолдау көрсетіп, бағыт беріп, көмектесе аламыз, - деді ҚБТУ профессоры, Алматы қаласы Азаматтық альянсының президенті Қайыржан Әбдіхалықов.

- Әр жоба - осы ұйымдар жұмыс істейтін мақсатты топпен болған диалогтың нәтижесі. ҮЕҰ тыңдай біледі, ең бастысы сол. Өйткені тиімді қолдау құрмет пен серіктестікке негізделген. Жәрмеңке мұндай серіктестіктің бар екенін және оның нақты нәтижеге әкеліп жатқанын көрсетті, - деді «ИНМИР» қорының директоры, фасилитатор әрі қазылар мүшесі Светлана Ушакова.

Жәрмеңке аясында ҮЕҰ өкілдері үшін онлайн-тренингтер де өтті. Қатысушылар медиамен жұмыс, команда құру, адвокациялық науқан жүргізу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша нақты тәжірибелік құралдар алды. Бұл білім модульдері Жәрмеңкенің байқау ғана емес, үшінші сектордың даму алаңы екендігін дәлелдеді.

Байқау жеңімпаздары Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан 3 миллион теңгеге дейін грант иеленді. Бұл қаражат жобаларды жүзеге асыруға немесе кеңейтуге, жасөспірімдер мен жастарға арналған көмек пен ресурстарды қолжетімді етуге бағытталады.

«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - 2025» жеңімпаздары:

«Ертеңгі көшбасшы: жастар мен жасөспірімдердің кәсіби дамуы» номинациясы:
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен оқу орталықтары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Шымкент қ. «Мен - көшбасшымын!»
2. «Адам және Құқық» медиаторлар мен заңгерлер одағы» РҚБ, Алматы қ. -«Бейбіт өмірге қадам: мектеп медиациясы іс жүзінде»
3. «ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖЕР» ҚОҒАМДЫҚ ЖАСТАР БІРЛЕСТІГІ ҚОРЫ, Астана қ. - «ABS Media Lab» - белсенді жасөспірімдерге арналған медиастудия
4. «Каспий қоғамдық университеті» бастамашыл тобы, Алматы қ. - «Jol.AI Болашаққа апарар ақылды жол»
5. «Мағди-ияр» қоғамдық қоры, Түркістан обл., Шұбарсу ауылы - «Болашаққа бейімдел»

«Зорлық-зомбылықсыз болашақ: алдын алу шаралары» номинациясы:

1. «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қоры, Алматы қ., «SafeLine KZ - жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған интерактивті платформа»
2. «Менің жаңаруым» психологиялық орталығы» жекеменшік мекемесі, Астана қ., «Сүйікті іс - ажырасу күйзелісін өткерген балалар үшін дағдарыстан шығудың жолы»
3. «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігі, Түркістан обл., Кентау қ., «Саналы ұрпақ - ұлт болашағы: зорлық-зомбылықсыз болашақ»

«Жастар мен жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі» номинациясы:

1. «Қоғамды дамытуға ақпараттық қолдау қоры» жекеменшік қоры, Өскемен қ. «StartMe / ЖаңаМен: болашағыңды баста, өзіндік «Меніңді» қалыптастыр»
2. «Milestone of transformations Foundation» корпоративтік қоры, Алматы қ. «Профнавигатор» - кәсіби бағдар бойынша цифрлық чат-бот

Бөлісу