news-img

Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елдерінен келген зерттеушілер, сондай-ақ Астана, Алматы және еліміздің өзге де өңірлеріндегі жетекші ғалымдар Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жетістіктеріне талдау жасап, қабылданып жатқан ғылыми бағдарламаларға ғылыми сараптама жүргізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Кәсіби тарихшылар мен қоғамтанушылар лигасы» қоғамдық бірлестігі «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тұрақтылығы: тәжірибе, түйткілдер және тағылымдар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференция барысында 1991 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықтағы Қазақстанның экономикалық және саяси даму үдерістері қарастырылып, осы кезеңді зерттеуге қатысты ұсыныстар әзірленді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Сүлейменов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңешінің бұрынғы төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.К. Курманов, Қазақ аграрлық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Р. Абазова және т.б. баяндама жасады.

Конференция қорытындысы ретінде электронды жинақ дайындау жоспарланып отыр.

Бөлісу