news-img

Тұңғыш Президент Музейінде «Дәуір жасампаздары / Замандастар» тарихи-мемориалды жобасының аясында «Атамекен» тақырыптық экскурсиялар сериясы басталды.

Экскурсия тақырыбы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінің алғашқы жылдарымен танысуға бағытталған. Бағдарлама барысында оның балалық шағына, мектеп жылдарына және болашақ көшбасшының тұлғалық қалыптасуының қайнар көзіне айналған туып-өскен жеріне ерекше назар аударылады.

Алғашқы экскурсияларға сол кезеңнің атмосферасына енуге, сирек кездесетін фотосуреттерді, архивтік құжаттар мен бейнехрониканы көруге мүмкіндік алған жас келушілер – елордалық мектептердің жазғы лагерьлерінің оқушылары қатысты. Бұл материалдар Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолын елестетіп қана қоймай, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи контексін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

«Атамекен» экскурсиясы өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді, отбасылық дәстүрлерді, Отан мен тарихи мұраны құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

 

Бөлісу