news-img

Сұлтан Тоқбаев Алматы технологиялықуниверситетінің 4-курс студенті. Ол «Роботтар жәнеробототехникалық жүйелер» білім бағдарламасыбойынша оқып жүр. 21 жастағы жігерлі жастың арманыасқақ, мақсаты айқын, болашаққа құштар жан. 

Бүгінде робототехника жай ғана мамандық емес, адамзат тіршілігінің сан тарау саласын қамтып отырғанзаманауи бағыт. Сұлтан ақпараттық технология әлеміндегі жаңа серпілістерді, әсіресе жасандыинтеллект төңірегіндегі соңғы жаңалықтарды қалтжібермей қадағалайды. Ол авиация мен автоспорт саласындағы озық инженерлік шешімдерден де шабыталады. Қолы қалт етсе футбол ойнайды, бұл оғансергектік сыйлап, ұжымда бір мақсатқа жұмыла білугебаулиды. 

Жас болса да, Сұлтан талай белесті еңсеріпүлгерген: — Санкт-Петербургте өткен Қысқы инженерлікуниверситетте жеңімпаз атанды; — Робототехникадан өткен XVI Республикалықолимпиадада екінші орынды иеленді; — Университетішілік математика, информатика жәнеробототехника сайыстарында бірнеше мәрте жүлделіорын алды; — Digital Almaty, Sber Open Week Almaty, KazAgro/KazFood Turkistan сынды айтулы форумдармен көрмелерге қатысты; — Бет әлпетті тану арқылы кіруді бақылау жүйесінойлап тауып, авторлық құқық алды, ғылыми мақалаларжариялады.

Сұлтан үшін ғылым жаңа дүниенің есігін айқара ашатын кілт, ал спорт тәртіп пен қажыр-қайраттың қайнар көзі. Қордың шәкіртақысы туралы ол ғылымижетекшісінен естіп, қатаң іріктеуге қарамастан, бағынсынап көруге бел буған.

«Қордың стипендиясы жай ғана қаржылай қолдау емес, жаңа биіктерге жетелейтін қуатты қозғаушы күш. Осы мүмкіндік арқылы идеяларымды іске асырып, болашағыма қадам жасай аламын», - дейді СұлтанТоқбаев. 

«Жүрегіңізге құлақ түріңіз. Армандауданқорықпаңыз, жаныңызға жақын нәрсеге қарай ныққадам жасаңыз. Ақылыңыз бен жүрегіңіз жол бастайды. Өзіңізді дамытудан жалықпаңыз, алдыңызға биікмақсат қойыңыз және өзіңізге сеніңіз!», - дейді олҚазақстан жастарына үндеуінде.

Бөлісу