news-img

Тұңғыш Президент Музейінде Астана күніне арналған тақырыптық экскурсиялар сериясы жалғасуда.

Келушілердің ерекше қызығушылығын Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке кескіндеме көрмесі тудырады. Алғаш рет осындай көлемде 2009 жылдан 2024 жылға дейін жасалған авторлық жұмыстар – пейзаждар, натюрморттар, анималистика ұсынылды.

«Астана – тәуелсіздіктің символы» жаңартылған экспозициясы елордамыздың жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің стратегиялық орталығы ретінде қалыптасуы жайында баяндайды.

ҚР Монета сарайымен бірлесіп дайындалған «Дәуір белгілері» көрмесі Тәуелсіздік тарихына наградалар, естелік монеталар мен бейнелемелер призмасы арқылы қарауды ұсынады.

Экскурсиялар күн сайын өтеді. Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!

Бөлісу