news-img

Қазіргі заманда мамандар мен өскелең ұрпақ үшін білім саласындағы заманауи білім алу, кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру аса маңызды.

Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым айтып келеді.

 

Заманауи білім беру, жобаларды таныстыру, оңалту орталықтарына бару және үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай қолдау көрсету – мұның барлығы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Атырау облысындағы жұмыс сапары бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Бүгін Атырау қаласындағы №48 мектепте «Arduino негізінде бағдарламалау және шығармашылық жобалар жасау» курсы және мұғалімдерге арналған спорттық робототехника курсы басталды. Педагогтер бірнеше күн бойы түрлі құрылғылар мен механизмдерді құрастыру бойынша білім алады.

 

«Роботек» жетекші робототехника мектебінің мамандары курс қатысушыларына бағдарламалау әдістерін меңгеруге, шығармашылық жобаларды әзірлеуге және өз құрылғыларын жасауға көмектеседі. Олар оқу үдерісіне озық технология енгізуге арналған заманауи құралдар мен әдістемелерге қол жеткізіп отыр.

Бөлісу