Бес жыл бойы қамқорлық пен үміт: «Қамқорлық» орталықтары қызметкерлерімен мерейтойлық кездесулер басталды
Бүгін біз «Қамқорлық» алғашқы оңалту орталықтарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған кездесулер легін бастадық.
2020 жылдың желтоқсанында елімізде алғашқы сегіз орталық ашылып, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдаудың жүйелі ісі жолға қойылған еді.
Содан бері әрбір орталық кәсіби көмек көрсететін мекеме ғана емес, сондай-ақ балаларға жылулық, жігер, өз күшіне деген сенім сыйлайтын орынға айналды.

Желтоқсан айындағы сапарымыздың алғашқы нүктесі – Өскемен. Бес жылдың ішінде бұл орталықта 5 708 бала түрлі қолдау алды. Олардың 141-і алғаш рет жүріп, 231-і алғаш рет сөйлей бастады. Бұл орталық ұжымының кәсібилігі, жанашырлығы және еселі еңбегінің арқасында қол жеткізілген айрықша нәтижелер.
Бүгін біз орталық қызметкерлерімен жүздесіп, бес жылдық жұмыстың қорытындысын, оңалтудың даму бағыттарын, инфрақұрылымды жаңарту жайын және қазіргі заманғы әдістемелерді енгізу барысын талқыладық. Ұжым мүшелеріне алғыс хаттар мен сыйақы табысталып, олардың еңбегі мен балалардың тағдырына қосқан күнделікті үлесі үшін ризашылық білдірілді.

Орталық командасына жылы қабылдап, күн сайын атқарып жүрген зор еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Алдымызда – өзге өңірлерге сапарлар мен ортақ бес жылдық жолымызды атап өтетін жаңа кездесулер күтіп т