news-img

Елордада алғаш рет қазақ тілінде өтетін «Museum Cup 2026» пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады. Зияткерлік сайыс мектеп оқушылары мен колледж студенттерін ерекше алаң — музейде біріктіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жастардың интеллектуалдық дамуын мәдени-тарихи ортамен ұштастыруды бағытталған.

Турнирдің бастамашылары — «Debat Eli» қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейі. Бұл пікірсайыс алаңы ретінде дәстүрлі оқу орны емес, тарих пен мәдениеттің тоғысқан ордасы — музей таңдалған алғашқы жоба. 

Мұндай тәсіл іс-шараға терең мазмұн мен айрықша рухани сипат беріп, оның тәрбиелік әрі танымдық маңызын арттыра түседі.

«Museum Cup 2026» турнирінің басты мақсаты — жастардың пікірсайыс мәдениетін қалыптастырып, сыни ойлау қабілетін жетілдіру және шешендік өнерін дамыту. Сонымен қатар, жоба азаматтық қоғам құндылықтарын дәріптеуге, отансүйгіштік сезімді нығайтуға және жас буынның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Іс-шара аясында мәдени-тарихи мазмұнға ерекше мән беріледі. Пікірталас арқылы ұлттық жадыны жаңғырту, тарихи мұраны жаңаша пайымдау көзделген.

Турнирге Астана қаласынан 60-қа жуық белсенді әрі білімді мектеп оқушысы мен колледж студенті қатысады деп жоспарланып отыр. 

Іс-шара 2026 жылы 26 сәуір күні сағат 09:30-да Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1 мекенжайында өтеді.

Турнир бағдарламасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 775 382 8241 (Жанерке).

Бөлісу