Алматыда 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы университеттердің рөлін талқыланады
19 қыркүйек күні Алматы қаласында «ТДМ – 2030 іске асырудағы жастардың үлесі» I халықаралық университеттік конгресс аясында «2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ - 2030) жүзеге асырудағы университеттердің рөлі» атты I пленарлық отырысы өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, QS Worldwide, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институты және G-Global халықаралық хатшылығы.
Кездесуді БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек жүргізеді. Сессия спикерлерінің қатарында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Ұлыбританиялық QS Quacquarelli Symonds Ltd аға вице-президенті Бен Соутер, G-Global халықаралық хатшылығы басшысының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов, Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Жібек жолы университеттері желісінің бас хатшысы Сунгдонг Хван, Венгрияның сыртқы істер және сауда институтының аға кеңесшісі және аға ғылыми қызметкері Ласло Ваза, Польшаның цифрландыру және есептеу технологиялар институтының директоры Вальдемар Вуйцик.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 70 жылдық мерейтойында БҰҰ мүше барлық елдер 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың мақсаттарын айқындайтын жаңа құжатқа қол қойды. Ол «Біздің әлемді өзгерту: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму облысындағы күн тәртібі» деп аталады.
Университеттер Конгресінің ұйымдастырушылары ТДМ қол жеткізу үшін жастар құндылықтардың тасымалдаушысы және тұрақты дамудың қозғаушы күші ретінде әрекет етуі маңызды екенін айтады. Осы міндетті іске асыруда білім беру және өркениетті құндылықтар орталығы ретінде университеттердің рөлі жоғары. Осы орайда университеттер әр түлектің ғана емес, сонымен бірге жалпы ұлттың даму жолын анықтайтын орын болып табылады.
ТДМ аясында университеттердің миссиясы – азаматтардың жаңа білімді және патриоттық ұрпағын қалыптастыруда қоғамға қызмет ету.
Пленарлық отырысқа қатысушылар ТДМ қол жеткізу мақсатында университеттердің жаңа мақсаттары мен міндеттерін талқылайды. Атап айтқанда, спикерлер жастардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту, адами капиталға инвестициялар жасау, студенттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық белсенділігі, жас буынның ғылыми және кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту және т.б. бар.
ҚР Тұңғыш Президенті –
Елбасының Қоры баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13