Әсет Исекешев: «Бәсекеге қабілеттік мәселелері ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорының басымдықтарының бірі болмақ»
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестердің жаһандық федерациясы Қазақстанда жиналды. 200-ден астам қатысушы, оның ішінде әлемнің 16 елінен 50 халықаралық сарапшы Нұр-сұлтан қаласында жаһандық инновациялық саммитке жиналды. Бұл Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отырған 10-шы мерейтойлық отырыс.
Жыл сайын жетекші экономистер, қаржыгерлер, мемлекеттік сасат, инженерия және нақты ғылымдар қайраткерлері аса өзекті мәселелерді талқылауға жиналады. Мысалы, бір жыл бұрын Малайзияда негізгі назар технологияларға аударылды. Биылғы жылы сарапшылардың басты назарында- бәсекеге қабілеттік мәселелері.
Саммиттің таңдалған тақырыбының өзектілігі туралы айта келе, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры атқарушы директоры Әсет Исекешев соңғы онжылдықта орын алған өмірдің әр түрлі салаларындағы маңызды «жылжулар» туралы атап өтті. Оның айтуынша, жұмыс орындарын жоғалтумен ұштасқан технологияларды жаппай енгізу жүріп жатыр; экономикалық трендтер өзгереді, бай мен кедей арасындағы алшақтықтар ұлғаюда, сауда және әскери қақтығыстар жалғасуда. Осы сын-тегеуріндерге жауап ретінде бірқатар дамыған елдерде бизнес, университеттер мен ғалымдар арасындағы ынтымақтастық негізінде бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер белсенді жұмыс істейді. Осындай тұрақсызық жағдайында бұл кеңестердің рөлі- экономикалық дамуды және өз халықтарының гүлденуін қамтамасыз ету маңызды.
Әсет Исекешев – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры атқарушы директоры:
- ҚР Тұңғыш Президенті Қорының миссиясы - бұл елдің тұрақты дамуына және ұлттың бәсекеге қабілеттігіне ықпал ету. Сондықтан біз, Елбасының тапсырмасы бойынша, бірнеше жобаларды іске қосамыз. Олардың бірі-елдік бәсекеге қабілеттілікті арттыру, тұрақты инклюзивті өсудің әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша мемлекет үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша ғылыми-практикалық зерттеу. Осылайша, біз Қор ретінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелерімен айналысатын боламыз.
Роберто Альварез, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Кеңестердің Жаһандық Федерациясының атқарушы директоры:
- Дүниежүзілік қоғамдастық үшін Орталық Азияның даму бағыттарын көру өте маңызды. Себебі бұл аймақта үлкен потенциал бар. Ал Қазақстан- аймақтағы қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Заманауи экономикадағы барлық ресурстарды мобилизациялай отырып, ұлттың болашағын және оның бәсекеге қабілеттігін құру маңызды. Мен білемін, Қазақстан- бұл инновациялар жағынан қарқынды дамып келе жатқан ел. Сіздер болашақ ұрпақтарға жақсы білім бересіздер, инвестициялар тартуға жағдайлар жасайсыздар. Бұл шаралардың барлығы оңтайлы жылжуға бағытталған.
Саммиттің қатысушылары мемлекет жүргізіп жатқан реформаларға қатысты оң пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық жағдайды ескере отырып, олар бұрын қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыру қажеттілігін атайды. Оның ішінде Ұлт жоспары- 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру бойынша жаһандық сын-тегеуріндер мен шараларға жауап ретінде бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам.
Осыған орай Әсет Исекешев шетел сарапшыларына Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болғандығын, Қазақстанның бастапқы жаңғыру кезеңдерінде гиперинфляция, өткір бюджеттік жетіспеушілік болғандығын, жұмыссыздар саны 2 миллионға жеткендігін, 130 қазақстандық кәсіпорындардың жұмысын тоқтатқандығын, ЖІӨ 61 пайызға төмендегенін айтып берді.
- Елбасы бастама жасаған реформалардың есебінен біз маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. ЖІӨ 11 миллиард долллардан 170 миллиардқа дейін өсті (Орталық Азияның қалған барлық елдерінің жиынтық көрсеткіші 60 млрд.кем). елге 300 млрд.доллар тікелей шетелдік инвестициялар салынды. Елдегі өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Қазақстан – 10000 –нан астам маман даярланған «Болашақ» сияқты адами капиталды дамыту мен тартудың озық бағдарламаларын іске қосқан посткеңестік кеңістіктегі алғашқы ел», – деді Ә.Исекешев.