Алматыда «Atameken Juldyzy» эстрадалық орындаушылардың алғашқы конкурсы өтеді
Алматыда 15 және 17 мамыр аралығында эстрада вокалистерінің І ашық республикалық «Atameken Juldyzy» («Атамекен Жұлдызы») атты конкурсы өтеді. 15 және 24 жас аралығындағы жас орындаушылардың шығармашылық сайыстарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының қолдауымен П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі ұйымдастырды.
«Atameken Juldyzy»-ның мақсаты — вокалдық орындаушылықтың ұлттық дәстүрлерін қалыптастыру және дамыту. Конкурс сондай-ақ орындаушылық шеберлікті арттыру және жас орындаушылардың шығармашылық қызметін белсендендіру, қатысушылардың репертуарлық диапазонын кеңейту секілді міндеттерді шешуге бағытталған.
Жобаның болашақтағы міндеттерінің бірі - бұл сазгерлер мен ақындардың заманауи эстрада үшін жаңа музыкалық шығармалар жазу бойынша кәсіби және әуесқой шығармашылығын ынталандыру.
Конкурс Қазақстандағы Жастар жылына сай келді, бұл оның миссиясын түсіндіреді. Ал нақтырақ- жастардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру үшін қосымша мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау бұл Тұңғыш Президент Қорының талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша негізгі бағытына сәйкес келеді.
— Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасының Қорымен ынтымақтастық жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде бірнеше жарқын көлемді жобалар жүзеге асырылды. «Атамекен Жұлдызы» эстрада орындаушыларының бірінші конкурсы жаңа және аса ауқымды аудиторияны тартуға мүмкіндік береді және жобаның тікелей қатысушыларының ғана емес, әр түрлі жастағы тыңдармандардың да қызығушылығын оятады деп үміттенеміз. Осы конкурстың арқасында, жас талантты әншілер одан әрі эстрадалық орындаушының сәтті карьерасына бастау алаң алады,- дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, П.И.Чайковский атындағы АМК директоры Біржан Хасанғалиев.
Бұл конкурстың осындай үлгідегі басқа вокалдық сайыстардан ерекшелігі, әр қатысушы, қай елді таныстыратындығына қарамастан, қазақстандық композитордың туындысын орындауы қажет.
Екі кезеңмен өтетін конкурсқа, 15 және 24 жас аралығындағы ҚР музыкалық колледждерінің студенттері қатысатындығын айта кетейік. Сонымен қатар шетелдік конкурсанттар қатысады деп күтілуде.
Кәсіби әділ-қазы мүшелерінің құрамына Қазақстан Республикасының танымал мәдениет және өнер қайраткерлері кірді: қазылар алқасының төрағасы-Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева, қазылар мүшесі- Марьям Думанова, Анель Аринова, Нұргуль Нугманова, Жанбол Тулешев.
Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді 15 мамыр (сәрсенбі) сағат 10:00-де Алматы қ., Манас к-сі,13 мекен-жайындағы П.Чайковский атындағы АМК Е.Серкебаев атындағы Үлкен концерт залында өтетін конкурстың салтанатты ашылу рәсіміне шақырамыз.
ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі
PR-менеджер Артур Жұмашев
+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13