news-img

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі. Біріміз одан күш алсақ, тағы бірімізге отбасы-бақыт пен махаббаттың қайнар бұлағы, өмірдің мәні.  Отбасы сонымен қатар басты жеке қасиеттер қалыптасатын  орта: мейірімділік пен қайырымдылық, үлкендерге құрмет, жақын адамдарға қамқорлық, жас ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Сондықтан қазіргі отбасы мәселелері Шығыс Қазақстан облысының Татар қоғамдық орталығын да бей-жай қалдырмады. Аймақта Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының  «Zamannyn` ziatker jastary — vision of the future»  әлеуметтік бастамалар байқауының жеңімпазы - «Бақытты отбасы – біртұтас  отбасы» жобасы жүзе асырылды.  

Жобаның мақсаты - отбасылық құндылықтарды насихаттау, саналы тәрбие беру және заманауи отбасының жағымды бейнесін қалыптастыру.

Аз ғана уақыт аралығында Татар қоғамдық орталығы қазақстандық қоғам үшін бірқатар маңызды іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырды: жастарға психологиялық тренингтер және жас ата-аналарға арналған коучинг сессиялары, этномәдени орталықтар өкілдерінің қатысуымен «Жақсы келін» байқауы, отбасылық шығармашылық топтар фестивалі, «Менің Отбасым» бейне байқауы, үйлену сарайымен бірлесіп «Менің отбасым - менің мекенім» жинағын шығару. «Жар-жар» және тағы басқаларға арналған акциялар және тағы басқа жобалар.

- Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының басты міндеті - нақты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешетін бастамаларды жүзеге асыруға көмектесу. Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры қолдаған жобалардың көпшілігі отбасы институтын дамытумен байланысты. Татар қоғамдық орталығының жобасы отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамытуды қамтиды және іс-шаралар ең алдымен  балалар мен жастарға бағытталған. Оларға отбасы мен отбасы құндылықтарының қаншалықты маңызды екенін айтып, көрсетіп қана қоймай, оларға нақты мысалдармен үлгі беруіміз керек, - деп атап өтті Қор жобаларының бас үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова.

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
 a.zhumashev@fpp.kz
www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру