news-img

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылыми кеңестің биылғы алғашқы отырысы дәстүрлі түрде кеңейтілген құрамда өтті. Оған Кеңестің ғылым жөніндегі  мүшелері мен Қор басшылығы, сондай-ақ  Қазақстанның ҒЗИ мен жоғарғы оқу орындары жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағалары қатысты.  

Кездесуге қатысушыларға Қордың жанындағы Ғылыми кеңестің соңғы 2019 жылдағы қызметі туралы егжей-тегжейлі есебі ұсынылды.

- Есепті кезеңде Кеңес 30-дан астам бастаманы жүзеге асырды, олардың 12-і халықаралық сипатта болды. Жақын және алыс шетелдердің жас ғалымдары қатысатын маңызды іс-шаралардың бірі - «Burabay Forum» халықаралық форумы. Бұл заманауи ғылымның өзекті мәселелері мен проблемалары көтерілетін беделді ғылыми пікірталас алаңы. Студенттер үшін практикалық іс-шаралардың барлық түрін қамтитын «Тірегі сендер елімнің» республикалық студенттік фестивалі Кеңестің ерекше мақтанышына ие болды. Біздің басты назарымыз өмірдің барлық саласында цифрландыруды дамытуға бағытталған. Олардың бірі ІТ саласындағы жастарды ынталандыруға бағытталған жоба - робототехникадан «IITU Robocon» республикалық чемпионаты», - деді ғылыми кеңес төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Гүлмира Әбдіраимова.

«Жас ғалымдар диалогы» халықаралық форумы (Ресей ғылым академиясымен бірлесіп), «Жастар дауысы» пікірсайыс клубы, Street Iaw жобасының аясында балалар мен жасөспірімдер арасында  кибербуллингтің алдын алуға арналған дөңгелек үстел және «Инженериядағы инновациялық технологиялар»  ғылыми-техникалық конференциясы,  Кәсіпкерлік идеялар фестивалі (пилоттық режимде) сияқты жаңа бастамалар ерекше атап өтілді.

Ғылым жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары, химия ғылымдарының докторы Дмитрий Корулькин  өз сөзін дарынды жастарды қолдау мақсатында «Елбасы» қоры өткізетін байқауларға жас ғалымдардың өтініштерін саралау мәселесіне арнады. Ол үміткерлердің конкурстық өтінімдерін ресімдеудегі негізгі қателіктерге тоқталып, сараптамалық комиссияның жоғары бағаларын алған бірқатар ғылыми жобаларды атап өтті.

- Біз өз жұмысымызда  Тұңғыш Президент – Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстанның ғылыми қоғамдастығына жүктеген міндеттер мен тапсырмаларын басшылыққа аламыз.  Оның басты тілектерінің бірі: ғылым инновацияға айналуы керек, яғни ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер өндіріспен біріктірілген нақты салада қолданылуы керек, ал бизнес-қоғамдастық ғылыми қызмет өнімдерінің негізгі тұтынушысы болуы керек», - деді спикер.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қордың лауреаттарымен және талантты жастармен өткен кездесуде Кеңес жұмысына жоғары баға бергенін айтқан жөн. Кездесу барысында Елбасыға жас қазақстандық ғалымдардың - Қордың гранттары мен сыйлықтарының иегерлерінің ең үздік әзірлемелері ұсынылды.

Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңестің халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне Кеңес төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Сухраб Жапаров айрықша назар аударды.

- Кеңестің ұзақ мерзімді қызметі барысында біз жақын және алыс шетел ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке қол жеткіздік. Осының арқасында қазақстандық жас ғалымдар ірі халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысады. Біздің Кеңес мүшелері шетелдік әріптестер үшін шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізеді. Өз кезегінде олар өз елдерінде жүзеге асырылған  сәтті жобаларының нәтижелерімен бөліседі. Осылайша, ғылыми әлемде өте маңызды саналатын  тұрақты кездесулер мен  тәжірибе, білім және ақпарат алмасу орын алған.  Өздеріңіз білетіндей, ғылымда географиялық шекаралар болмауы керек», - деп атап өтті ғалым.

Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес - жас ғалымдар кеңестері ашыла бастаған ғылыми ұйымдар үшін өзіндік үлгі болып табылады. Қазақстандық ғалымдарды және олардың қызметін қолдауда  Кеңестің маңыздылығына ҚР Білім және ғылым министрлігі  жанындағы ЖҒК  төрағасы Мақсат Жабагин ерекше тоқталғанын атап өтеміз.

Биология ғылымдарының кандидаты, генетик-ғалым М.Жабагин Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің ғылымды басқарудың тетіктерін және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу жолдарын дамытудағы рөлі туралы айтты.

Аймақтық университеттер мен ғылыми ұйымдардың жас ғалымдары  Қор жанындағы  Ғылыми кеңес жұмысына алғыстарын білдірді.

- Тұңғыш Президент Қоры және оның жанындағы Ғылыми кеңестің жұмысы шеткері ғалымдардың өздерінің әлеуеттері мен дарындарын жүзеге асыруына үлкен мүмкіндіктер ашуда. Менің сөзімді елдегі көптеген жас ғалымдар қолдайды деп ойлаймын», - деді Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы және М.Х.Дулати  атындағы ТарМУ «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының меңгерушісі Жанғазы Молдамұратов. - Шынында да, қордың арқасында студенттер қауымдастығы, жас зерттеушілер мен ғалымдар Қор байқауларына, ғылыми іс-шараларға қатысады, гранттар жеңіп алады және шетелдік әріптестерімен кездеседі. Осыған байланысты ғалым өз мансабындағы жолын қалыптастырады, қажет болғанда оны түзету жолдарын қарастырады, өзін және өз еңбектерімен таныстырады,  тиісті білім мен тәжірибенің баға жетпес қорын алады.

Кездесу перспективалар мен алдағы жұмыс жоспарларын талқылаумен аяқталды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының
Баспасөз қызметі

PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
 a.zhumashev@fpp.kz
www.fpp.kz

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру