news-img

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда. Бұл туралы Астана қ. әкімшілігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясының барысында хабарланды.

Байқау «Хабар» Агенттігі мен «КТК» телеарнасының ақпараттық қолдауымен ҚР Тұңғыш Президент Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясымен ұйымдастырылды.

Мақсаты- қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастаманы дамыту.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов баспасөз конференциясы кезінде былай деді: «Қайырымдылық керуені» байқауы маңызды, себебі ол қоғамда адамгершілік, мейірімділік, ізгілік және алаңдаушылық құндылықтарының таралуына ықпал етеді. Біз елімізде басқалардың пайдасына игі істер жасайтын батырлар, адамдар аз еместігіне сенеміз. Дәл осындай адамдар барлық елімізге танымал болады».

Еске сала кетейік, байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін қосатын барлық азаматтар қатыса алады.

Байқау лауреаттары бес номинация бойынша анықталады:

– «Асар» (қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты адамдар үшін);

– «Туған жер» (туған өлкеге білім беру, экология және көріктендіру саласында көмек көрсететін адамдар үшін);

– «Батыл жүрек» (ерлік іс жасаған адам марапатталады);

– «Мейірім жолында» (күнделікті өмірде қайырымды істер жасайтын тұлғаларға арналған номинация);

– «Қайырымдылық тарихы» (номинация қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аударатын, қайырымдылық тақырыбын БАҚ-да үздік жарыққа шығағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі).

Байқау туралы ереже біздің сайтта «Байқаулар» тарауында орналасқан.

Байқауға қатысқысы келетіндер үшін karavan_dobroty@fpp.kz электронды мекен-жайына өтінім жолдау қажет. Байланыс телефондары: 8 (7172) 791598, 791595.

Түсініктеме қалдыру