Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше жіне Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сикпен кездесті.
Кездесу барысында Қанат Жұмабаев жоғары қонағымыз Үкімет Басшысының адами капиталды дамыту, әлеуметтік жобалар мен қайырымдылықты қолдау саласындағы идеялары мен бастамаларымен таныстырды.
Өз кезегінде, Елші мырза екі мемлекеттің даму жолының ұқсастығын атап өтті және Қазақстан Президентінің жастарды қолдаудағы күшін жоғары бағалады.
Тараптар Тұңғыш Президент Қоры мен Korea Foundation арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
- Тұңғыш Президент Қорының әлеуметтік маңызды жүргізуде, мейірімділік пен бейбітшілік идеалдарын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда бағалы тәжірибе жинағанына көзім жетеді, - деді кездесу кезінде Ким Дэ Сик.
Еске сала кетейік, Қорлар өзара байланыс жасау ниетін 2018 жылы Сеул қаласында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы білдірген болатын.
Ынтымақтастықтың көрінісі маңызды әлеуметтік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Тараптар оларға қатысуға сарапшыларды, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін тартпақ.
Осылайша, мысалы, Астана және Сеул қалаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру саласындағы бейбіт бастамаларына арналған халықаралық қазақ-корей сарапшыларының «дөңгелек үстелін» өткізу жоспарланып отыр.