news-img

Қазақстан ғылымы күні және Қазақ КСР ғылым Академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай, 2019 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен бірлесіп «Ғылым және білім – 2019» халықаралық конференциясын өткізді.

Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми-зерттеу сұрақтары  жөніндегі проректоры Гүлнара Мерзадинова ашты. Ол барлық қатысушыларды ректор Ерлан Сыдықовтың атынан құттықтады және барлығына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, проректор бүгін Қазақ КСР ғылым Академиясының бірінші президенті, көрнекті ғалым және ғылым көшбасшысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толғандықтан, қазақстан ғылымы үшін бүгінгі күннің маңызы зор екенін атап өтті. Гүлнара Мерзадинова ғалымның өмірінен мысалдар келтіріп, қазақстандық ғылымға баға жетпес үлес қосқанын атап айтты.

Алматы қаласындағы Тұңғыш Президент Қоры Өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров өз сөзінде конференцияның маңызы туралы айтты.

— Заманауи әлемнің айрықша сипаты – қоғамның саяси және экономикалық құрылымына әсер ететін қарқынды трансформациялық үдерістер болып табылады. Бұл үдерістер қоғамдық дамудың жеке факторы рөлінің артуымен тығыз байланысты. Басты міндет – жинақталған әлеуетті жоғалтпау, қазақстандық білім берудегі бар артықшылықтарды сақтау, мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне жол бермеу екені сөзсіз. Ғалымдар мен мұғалімдердің дарыны, жаңа идеялар мен білім – бұл жоғары мектепті жаңғыртудың негізгі іргетасы болуы керек, — деп С. Тохтаров айрықша баса айтты.

Сондай-ақ, ол «BURABAY FORUM: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» жас ғалымдардың халықаралық форумында аясында «Физика және ғылымды қажет ететін  технологиялар» ғылыми секциясын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ЕҰУ физикалық-технологиялық факультеттің қауымдастырылған профессоры, жас ғалым Кенжебатыр Бекмырзаға алғыс хат табыс етті.

Пленарлық бөлім барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі – Алмас Жүнісбаевтың «Қазақстандағы академиялық ғылымның қалыптасуының бастауы» тақырыбы бойынша; Каунас технологиялық университетінің студенті Нұрсұлтан Каинбаевтың «Қатты оксидті отын элементтеріне арналған керамикалық электролит» тақырыбы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің «Аймақтану» кафедрасының доценті Жақсылық Сабитовтың «Қазақстандағы генетикалық генеалогия» туралы; ЕҰУ азаматтық және экологиялық құқық кафедрасы доцентінің м.а. Муслим Хасеновтың «Қазақстанның әлеуметтік саясатын әзірлеу және жетілдірудегі ғылымның рөлі» туралы; сондай-ақ ЕҰУ биотехнология және микробиология кафедрасының аға оқытушысы Асылай Құрманбаеваның «Өсімдіктің тіршілік әрекетіндегі құрамдас бөліктердің рөлі» туралы баяндамалары тыңдалды.

Осы күні Қазақстан Республикасының ҒЗИ мен  жоғары оқу орындарының жас ғалымдар Кеңестерінің төрағаларының қатысуымен ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы ғылым жөніндегі Кеңесінің семинар-кеңесі өтті.

Конференция қорытындысында секциялық отырыстар бойынша жеңімпаздарды марапаттау өткізілді. Қатысушылар сонымен қатар «Information & Communication Technology Exhibiton» атты студенттік жобалардың көрмесімен танысты. xhibiton».

Түсініктеме қалдыру