news-img

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойына және ҚР жастар Жылына орай, «Медицина мен қоғамдық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы мәселелері: Жастар денсаулығы – ұлт денсаулығы» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында  «Жастар дауысы» атты алғашқы пікірталас клубының отырысы өтті.  

Пікірталастар әртүрлі көзқарастарды білуге мүмкіндік береді. Бірақ олар сонымен бірге нәтижесіз сөйлесулерге, дауларға немесе жанжалға ұласуы мүмкін.  Мұндай жағдайларды болдырмас үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары Мектебінің директоры, модератор                  А.Е. Ошибаевамен пікірталас үлгісі мен ережесі анықталды.

Пікірталас клубының алғашқы отырысы ғылымның жаһандануына арналды.      Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылыми Кеңес төрағасының орынбасары С.А. Жапаров құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанның жас ғалымдарының мүмкіндіктері туралы, Қордың іске асырып отырған бағдарламалары, жобалары мен іс-шаралары туралы айтты, сонымен бірге барлық қатысушыларды ғылым мен жас ғалымдарды дамыту туралы пікірталастар мен талқылауларға арналған жаңа алаңның ашылуымен құттықтады.

Шақырылған спикер – МакГилл (Канада) университетінің профессоры Н.Б. Дәулетбаев талқыланып отырған тақырыпқа өз пікірін білдірді. Ғалым ғылымның жаһандануының артықшылығы мен келешегін, оның ішінде ғылымның жаһандануы өнеркәсіптік және ғылыми әлеуеттің жылдам дамуы үшін үлкен мүмкіндік екендігін, ұлттық жұмыстарды шетелдік әріптестердің жаһандық «сын-пікіріне» ұсыну, ауқымды және ресурстық белсенді жобаларды жаһандық қауымдастыру, жаһандық ғылыми және кәсіби қоғамдастықтарға ғалымдардың ойларын  «рупор» ретінде ұсыну мүмкіндігін айтты.

Спикер-оппонент ретінде Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері Орталығының директоры, профессор Б.Н. Кенесов және  ERS-дегі Қазақстан Республикасынан ұлттық делегат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   медицина және денсаулық факультетінің денсаулық  және қоршаған орта ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Д.В. Винников шақырылды. Барлық мамандардың жаһандануға деген қатынасы бірдей емес. Әрине, жаһандану оң немесе теріс сипатқа ие болуы мүмкін, бірақ оның ешқандай баламасы жоқ.

Б.Н. Кенесов жетекші халықаралық журналдарды қолдану арқылы қазақстандық ғылымды дамыту мүмкіндіктері мен мәселелерін, олардың ішінде ғылыми зерттеулерден төмен қайтарымдар және коммерцияландыру үшін әлсіз дайындама болғандығын, күмәнді сападағы диссертациялар мен күмәнді журналдардағы көптеген мақалалар саны   болғандығын айтты. Профессор ғылыми қызметкерлер үшін ең төменгі шекті көрсеткіштерді орнату мүмкіндіктері туралы, шетелдік ғалымдардың диссертацияларға сын-пікірлері, жергілікті деңгейде гранттарға квоталарды, іс жүзінде жұмыс істейтін этикалық кеңестердің жұмысын және ұлттық ғылыми кеңестердегі мықты ғалымдардың жұмысы туралы ойластыруды ұсынды.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің докторанттары мен магистранттары бір-біріне қарсы қойылған ойларына өздерінің көзқарастарын ұсынды. Жас ғалымдар ұлттық сәйкестікті жоғалтудан бастап жас ғалымдарға арналған гранттық жобалардың қол жетімсіздігіне дейінгі толғандыратын сұрақтарды көтерді.

Пікірталас клубын өткізу жас ұрпақтың әртүрлі өзекті мәселелер мен оқиғаларға өз ойлары мен көзқарастарын ашық білдіру қабілетін дамытуға, өз ұстанымдарын конструктивті сақтау дағдыларын қалыптастыруға, оң құндылықтар мен дүниетанымдыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Түсініктеме қалдыру