news-img

Алматы қаласында еліміздің жас оқушыларын ғылыми кеңістікке тартуға бағытталған «Тірегі сендер елімнің» атты V республикалық студенттік фестиваль өтеді. Алты күндік ғылыми марафон аясында «Тұран» университетінің базасында «Маркетинг пен логистикадағы сандық технология» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Workshop форматында өткен студенттік конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен және «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасымен ұйымдастырылды. Оның қатысушылары Қазақстанның, сондай-ақ  көрші елдер – Ресей мен Украинаның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқытушылары болды.

Workshop форматының негізгі ерекшелігі – іс-шараның барлық қатысушыларының қарқынды қызметі,  бұл жерде теория «фондық режимде» беріледі,  ал мысалдарға, кейстер мен тұсаукесерлерге көп көңіл бөлінеді.

— Білім беру өнімі IT-ресурстарға негізделген жаңа бетбұрысты қажет етеді. Білім беру өнімін қалыптастыру және жүзеге асыру  кезінде заманауи идеология, өмір салты тікелей сандық өнімдер, әлеуметтік желілер арқылы қалыптасады. Бүгінгі күні біз ұялы телефон, компьютер және Интернет табиғат пен қоғам  сияқты олардың өмірлік кеңістігіндегі табиғи элементтері болып табылатын жаңа цифрлық (желілік) ұрпақтың пайда болу фактісін сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі заманғы білімді даыту үшін адам капиталының ықпалы жеткіліксіз. Білім ортасының өзін өзгерту қажет, тек қана еңбек ресурстарының білім беру көлемін ұлғайту ғана емес, білім беру мазұнының өзін сапалы өзгерту, оның әдістемелерін, құралдары мен ортасын өзгерту, smart-білімге жаппай көшу қажет, — деді Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі, «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Дина Разақова.

Конференция барысында Еуропалық логистикалық қауымдастық өкілдерімен телекөпір ұйымдастырылды, онда Альфонс Энтони (Будапешт қ, Венгрия, ЕЛҚ вице-президенті) қатысушыларды логистикалық және жеткізу тізбегін басқарудағы жасанды интеллектің даму ерекшеліктерімен таныстырды (баяндаманың тақырыбы «Understanding Artificial intelligence in logistics»), сондай-ақ Сібір логистикалық кластерін, оның өкілдері Красноярск Мемлекеттік аграрлық университетінен э.ғ.д. П.Г. Швалов және э.ғ.д. В.Ф. Лукиных болды. Красноярск ғалымдарымен Енисей Сібірі аясындағы логистикалық жүйелер және «Енисей Сібірі» макроөңірдегі шағын қалаларда интеграцияланған логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

Қазақстан тарапынан ел экономикасын сандық жүйеге тиімді ауыстыруға арналған, шын мәнінде практикалық құндылығы бар қызықты жобалар болып, төмендегі студенттердің идеялары  танылды:

  • Касумов ВусалдыңПопов МаксимныңАлдабергенов Даниярдың, «Маркетинг» мамандығы, «Z» өскелең ұрпақ үшін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын дамытудың  SMM стратегиясын ұсынған;
  • Шамшидинова ДинараныңКим Верониканың, Мажитова Әнелдің, «Маркетинг» мамандығы, «Otken Shak» этноауылды дамытудың SMM  стратегиясын дайындау туралы;
  • Абдықадырова Ақниеттің және Өмірова Гүлжанаттың, «Логистика» мамандығы, логистикадағы блокчейн жүйесі мен сандық технологияларды дамыту қажеттілігі туралы;
  • Ким Де Судың, «Маркетинг» мамандығы, «Smart Digital Consulting» компаниясымен бірлесе отырып, Интернет-қауымдастықта қазақстандық брендтерді дамытудың болашақ бағыттарын ұсынған;
  • И.И. Чужбаның, Еуразия Ұлттық университеті, «Менеджмент» мамандығы, «Ақылды қала» болашағы мен даму тенденциялары туралы.

Конференция қатысушылары тарапынан қызу пікірталас тудырған және қазақстандық білім беру жүйесінің сандық дамуына елеулі үлес қосқан қызықты жобалар «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Халиков Рифаттың толықтырылған нақтылықты пайдалану мүмкіндіктері туралы  жобасы және «Маркетинг» мамандығының магистранты Джамалова Гаухардың сандық форматтағы білім беру қызметін дамыту тұжырымдамасы туралы жобасы болды.

Конференция қорытындысы бойынша үздік деп танылған баяндамалар мен орындаушылар таңдалынып алынды және жеңімпаздар марапатталды:

  • 1 орын — Шамшидинова Динар, Ким Вероника, Мажитова Анель, «Otken Shak» этноауылды дамытудың SMM  стратегиясы» тақырыбындағы жоба, «Маркетинг» мамандығының 2 курс студенттері;
  • 2 орын — Халиков Рифат, «Толықтырылған нақтылықты пайдалану мүмкіндіктері» тақрыбындағы жоба, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті
  • 2 орын — Касумов Вусал, Попов Максим, Алдабергенов Данияр, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын дамытудың  SMM стратегиясы» –  «Маркетинг» мамандығының 3 курс студенттері;
  • 3 орын — Абдықадырова Ақниет, «Логистикадағы блокчейн жүйесі» – «Логистика» мамандығының 2 курс студенті ;
  • 3 орын — Рахимтуллаев Назим, «Компания қызметіндегі интернет маркетингтің рөлі» – «Маркетинг» мамандығының 3 курс студенті;
  • 3 орын — Влащенко Владислав, «Гидроспецстрой» компаниясының көлік және қойма шаруашылығын ұйымдастыру» – «Логистика» мамандығының 4 курс студенті.

Барлық студенттік жобалар кез-келген мемлекеттің экономикасының көптеген салалары үшін, әсіресе «Digital Kazakhstan» бағдарламасының екі бағыты аясында – экономика салаларын сандық жүйеге көшіруде және инновациялық экожүйені құруда құнды екендігін атап өткен жөн.

Түсініктеме қалдыру