Қазақстан мен Армения арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға үлес қосу
Халықаралық ғылыми диалогты кеңейту – Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Ғылым бойынша кеңестің басты міндеттерінің бірі. Кеңес мүшелері шетелдерде дәрістермен, шеберлік кластарымен және тренингтермен шығады. Өз кезегінде, Кеңестің бастамасы бойынша, әлемнің әр түрлі елдерінен келген жас ғалымдар мен сарапшылар, Қазақстанға келе отырып, өз білімдері мен дағдыларын бөліседі.
2019ж. 16 және 18 мамыр аралығында Қор жанындағы Ғылым бойынша кеңестің мүшелері Армения Республикасынан оралды. Онда олар «Инновацияларды басқару» атты V халықаралық жастардың ғылыми мектебінің жұмысына белсенді қатысты. Бұл мектептің міндеттері – жастардың назарын инновациялық әрекетке аудару және жас буында бизнес-идеялар жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мектепке Армения мен шет елдердің жас ғалымдары, студенттері, аспиранттары, ғылыми қызметкерлері мен бастауыш кәсіпкерлері қатысты. Оларды құттықтай отырып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының жанындағы Ғылым бойынша кеңес төрағасының орынбасары Сухраб Жапаров былай деді: «Бұл алаң арқылы ғалымдар мен кәсіпкерлер бизнес идеяларды жүзеге асыру және ғылыми жобаларды коммеррцияландыру үшін берік ынтымақтастықтың негізі болатын тиімді диалог құра алады. Ғылыми идеяларды өмірде жүзеге асыру үшін инвесторларды тек өзеліңде ғана таппайсың. мұндай іс-шаралар аясында іскерлік қатынастар орнату мемлекетаралық жобаларды іске асыруға ықпал етеді».
Ал инвесторды қалай тарту қажет, оның алдында жобаны қалайша тиімді таныстыру және жалпы өзінің ғылыми жобаңды қалай ақшалы ету керектігін мектеп қатысушыларына Қор жанындағы ғылым бойынша Кеңестің мүшесі, бизнес- жаттықтырушы Ғани Абадан айтып берді. Оның «Ғылыми идеяларды ақшалы ету» атты шеберлік класы іс-шараның мазмұнындағы жарқын бағдарламалардың бірі болды. Ғани Абадан Арменияның жас ғалымдарымен қазақстандық тәжірибедегі ғылыми идеяларды коммерцияландыру бойынша жұмыс істейтін құралдармен бөлісті.
Сондай-ақ мектеп аясында инновациялық менеджмент, жобаларды басқару және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылардың дәрістер, семинарлар және бизнес-ойындар өтті.