news-img

Алматыда Тұңғыш Президент Қорының өкілдігі Кореядан келген делегацияны қабылдады. Кездесу өткен жылдың тамызында қол қойылған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Korea Foundation арасындағы меморандум аясында өтті.

Тұңғыш Президент Қорының алматылық өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров және Алматы қ. Қор жанындағы ӘЭСИ кеңсесінің басшысы Лидия Пархомчик «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық Форумы Хатшылығының директоры Лим Чхоль Ву-мен екі ұйым арасындағы серіктестік диалогын белсендендіру перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында тараптар талантты жастарды дамытуға бағытталған біріккен ғылыми-аналитикалық және мәдени-білім беру іс-щаралары мен жобаларын өткізу қажеттілігі туралы пікірге келді. Әсіресе, Лим Чхоль Ву өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірнеше идеялар мен бастамаларды талқыға шығарды.

Осылайша, жас зерттеушілердің Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жетекші «ой фабрикаларында» халықаралық тағылымдамадарды өту мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ ұйымдардың өкілдері екі елдің бизнес-климатын зерттеу үшін 25-35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлермен алмасудан тұратын жастарға арналған бағдарламаны іске қосу идеясын талқылады.

Іскерлік әңгіме барысында талқыланған тағы бір мәселе, Тұңғыш Президент Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты сарапшыларының аналитикалық пікірлерін ОАКР Хатшылығы порталының беттерінде жариялау мүмкіндігін қозғады.

Іскерлік рандевуды аяқтай келе, қатысушылар студенттер мен жас ғалымдардың академиялық мобильділігіне жан-жақты ықпал ету қажеттілігін атап өтті, бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Қазақстандағы Жастар жылы аясында еліміз үшін аса өзекті.

 

Түсініктеме қалдыру