news-img

2019 жылғы 19 маусымда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акдемиялық опера және балет театрында оңтүстык елорданың мәдени өмірінде көптен күткен оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Лауреаттарының конкурсы өтеді.

Биылғы жылы «Жүректегі арманмен, шыңға шығу жолында» деп аталатын Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттарының концерті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылына орайластырылған. Дәстүрге айналған жоба өз форматын осыған байланысты өзгертіп отыр.

2010 жылдан бастап концерттік бағдарламаларға еліміздің ұлттық мәдениетіне және елден тысқары жерлерде елеулі үлес қосқан Тұңғыш Президент Қорының сыйлықтары мен гранттарының иегерлері қатысады. Қордың сыйлықтарына ие болған дарынды қазақстандықтардың ішінде опера солисі Сүндет Байғожин, ақын Қалқаман Сарин, балет әртісі Мәдина Басбаева, актёр Берік Айтжанов, баритон Андрей Трегубенко, кинорежиссёр Эмир Байғазин, опера солисі Жұпар Ғабдулина, баритон Азамат Жылтыргөзов, тенор Меир Байнеш, хореограф Анвара Садықова, баритон Олег Татамиров, әнші Димаш Қудайберген және басқалары.

Сондай-ақ танымал орындаушылар мен виртуозды музыканттармен қатар, атақты МАТОБ сахнасында  көпшілікке таныс емес дарынды жас қазақстандықтар өз өнерлерін көрсетеді. Көпшілігі үлкен кәсіби сахнадағы өнерлерін бірінші рет көрсетпек. Алайда, оларға өз өнерлерін лайықты  көрсету ұшін Тұңыш Президент Қорының Лауреаттары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тенор Медет Чотабаев, «Астана Опера» театрының пианист-концертмейстері Гаухар Тасбергенова, флейташы Жібек Сапарғалиева, Қазақстанның алтын виончелі Ермек Кұрманаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  сопрано Бибігүл Жанұзақ, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, первая скрипка «Астана Опера» театрының бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаева және басқалары.

Концерттік бағдарламаның өзі ерекше назар аударады. Әртістер қазіргі заманғы композиторлардың танымал шығармаларын орындайды, оның ішінде Джастин Гурвиц, Джеймс Хорнер, Леонард Бернстайн, Джордж Гершвин, Ханс Циммер, Астор Пьяццола, Вангелис, Әбілхаыйр Жарасқан, Әділжан Толықпаев және т.б. Олардың есімдері «Ла-Ла Лэнд», «Троя», «Вестсайдская история», «Список Шиндлера», «Гладиатор», «Путь лидера» фильмдерінің арқасында  танымал болған.

Сондай-ақ, музыканттар көрермендердің бірінші рет еститін композицияларын орындайды.

Концерттің атмосферасын жастардың «NE PROSTO ORCHESTRA» симфониялық оркестрі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты Ян Рудковскийдің жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аралас хоры әрлендіреді.

Құрметті БАҚ өкілдері!

Сіздерді 19 маусымда/сәрсенбі/ 19:00-де Абай атындағы МАТОБ-қа аталған іс-шараны жариялау үшін шақырамыз.

Театрдың залында қолайлы орналасу үшін концертке келетіндеріңіз туралы алдын ала хабарлауды сұраймыз.

Түсініктеме қалдыру