Еліміздің болашақ пифагорлары – олар кімдер?
«Бастау» республикалық турнирі барлық Қазақстаннан үздік математик балаларды анықтады. Сайыстарды Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Үш күн бойы Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2-4 сынып оқушылары мықтылар атағы үшін бақ таластырды.
Математикалық сайыстар екі кезеңмен өтті- аймақтық және республикалық. Соңғысы үш турдан тұрды: «Әу, баста!» (командалық сынақ), «Асық» (командалық сынақ) және «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ).
Турнирдің негізгі мақсаты кіші мектеп жасындағы талантты қазақстандықтарды анықтау, дамыту және қолдау болып табылады. Сондай-ақ жоба балалардың математика бойынша білімдерін тереңдетуге және кеңейтуге арналған.
Турнирдің барлық тапсырмалары математикалық логикаға құралған, оны түсіну балаларға жас кезінде дұрыс пайымдауға, тұжырымдар жасауға және неғұрлым дұрыс шешімдер табуға көмектеседі.
Командалардың жетекшілері – бастауыш сынып мұғалімдері де назардан тыс қалмады. Олар үшін ұйымдастырушылар «Кіші мектеп оқушыларын стандартты емес математикалық тапсырмаларды шешуге үйрету әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді.
Үздік нәтижеге ұмтылу және жеңуге деген құлшыныс тек қызыққан тұлғаларға тән. Және, өздерінің жас шамаларына қарамастан, «Бастау» турнирінің қатысушылары олардың математикаға деген қызығушылықтары оқуға деген үлкен ниетке және жан-жақты дамуға ұмтылуға негізделгенін дәлелдеді.
Турнирдің қорытындылары бойынша, Гран-при иегерлері: Нұр-Сұлтан қ. №1 мектеп-лицейдің оқушысы Ансар Қабдолла, алматылық №140 гимназияның оқушысы Әсия Жұмағалиева және Халықаралық Астана мектебінен (ХАМ) келген Жәнгір Болат болды. Командалық сынақта Гран-при мен турнир кубогын Алматы қ. 56-ншы гимназияның балалары алды.
Сайыстың барлық жүлдегерлеріне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры танымал «Меломан» дүкендер желісінің сертификаттарын және «Оленний край» атты үш тілдегі керемет кітаптарды сыйға тартты.